Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың үстіміздегі жылы Қазақстан халқына Жолдауында шетелдік инвесторларды тартуға баса назар аударылған болатын. Наурыз айында «Kazakh Invest» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы құрылып, ол еліміз атынан трансұлттық компаниялармен және ірі инвесторлармен жұмыс істей бастады.
Енді ұлттық компания өңірлермен де жұмыс істейді. Олыс әкімі Архимед Мұхамбетов өңірлерде шетелдік ірі инвесторлар үшін ең алдымен жағдай жасалуы, инфрақұрылым жақсартылуы керектігін, сонымен қатар инвесторлар түрлі рұқсат қағаздармен, келісімдерге уақытын кетірмейтіндей етіп, жеңілдету керектігін еске салды. Ол үшін прокуратура, ішкі істер департаменті, әділет басқармасы және басқа да тиісті ведомстволар жұмыс істеуі керек. Инвесторларды Қостанайдан түсіп жатқан индустриялық аймақ қызықтыруға тиіс. Сонымен қатар, облыста бұрын тұрып қалған кәсіпорындардың, ғимараттардың тізімі жасалды, оларды да ірі инвесторларға ұсынуға болатынын айтты әкім.
Нәзира Жәрімбетова,
«Егемен Қазқстан»