– Біз ЭКСПО көрмесін ТМД және Шығыс Еуропа елдері арасында тұңғыш рет өткізгелі отырмыз. Сөйтіп, қазақ елінің ордасы айтулы көрмені өткізген әлемдегі 35 елдің қатарына қосылды. Астана үш ай бойы бүкіл адамзаттың жетістіктерін әйгілейтін басты алаңға айналады. Тәуелсіз Қазақстанның символы Астана нағыз 21 ғасырдың қаласы ретінде жаңа қырынан танылатын болады,– деді Елбасы.
Естеріңізге сала кетейік, «ЭКСПО-2017» көрмесінің бүгінгі ресми ашылу салтанатына 17 мемлекеттің басшысы мен арнайы өкілдері келді. Елбасы сөз сөйлеп, халықаралық көрмені ашық деп жариялады.
Арнұр АСҚАР,
"Егемен Қазақстан"
Суретті түсірген
Ерлан ОМАРОВ,
"Егемен Қазақстан"