Аймақтар • 09 Маусым, 2017

Ерлі-зайыпты кәсіпкерлер бейімдеу орталығы құрылысына 1,5 миллиард тенге қаражат жұмсады

142 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе қаласында өзінің сәулетті келбеті және жабдықталуы мен абаттандыру жағынан еліміздің әлеуметті мекемелері арасында баламасы жоқ бейімдеу орталығы пайдалануға берілді.

Ерлі-зайыпты кәсіпкерлер бейімдеу орталығы  құрылысына 1,5 миллиард тенге қаражат жұмсады

Оған «Мейірім» деген атау берілген. Мұнда әрқайсысының көлемі 43 шаршы метр құрайтын 80 пәтер бар. Оның бәрі жетімдер үйінен шыққан 18-29 жас аралығындағы жастарға арналған.

Бес ғимараттан тұратын орталық құрылысына ерлі-зайыпты кәсіпкерлер Кеңес Рақышев пен Әсел Тасмағамбетовалар 1,5 миллиард тенге қаражат жұмсады. Орталықта тұратындар мұнда нарықтық сұраныстарға ие тиісті мамандықтар алып шығады. Солардың бірі «Жайсаң» балалар үйінің түлегі Динара Ұлықпанова «Egemen.kz» тілшісіне өз ойын былайша білдірді.

«Бұдан бес жыл бұрын ауыл шаруашылығы колледжін бітірдім. Қазір кен орнында даяшы болып істеп жүрмін. Бұған дейін пәтер жалдап жүрген едім. Оратылқтан өзіме лайықты баспана берілді. Оны тұрғызуға қаражат бөлген қайырымы мол жандарға алғысым шексіз».

Жоба иелері Кеңес Рақышев және «Сәби» қорының Президенті Әсел Тасмағамбетова орталық ашумен шектеліп қалмай, қайырымдылық бағытындағы жобаларды әрі қарай жалғастыра беретіндерін мәлімдеп отыр.

Келесі кезекте олар дарынды жастарға гранттар беру ісін қолға алыпты.

Темір Құсайын, 

"Егемен Қазақстан"

АҚТӨБЕ