Аймақтар • 14 Маусым, 2017

Өскеменде қаңғыбастар бейімдеу орталығына жөнелтілді

133 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өскеменнің жаңа әкімі Қуат Тұмабаев қала тұрғындарымен кездескенде тұрғындардың бірі Астана көшесінің бойындағы Үлбі өзенінің жағалауын үйсіз-күйсіз адамдардың жайлап алып, ішімдік ішіп, аумақты ластап жатқанын жеткізген еді.

Өскеменде қаңғыбастар бейімдеу орталығына жөнелтілді

Шаһар басшысы кеше қасына қаланың прокуроры, ішкі істер бөлімінің, жергілікті полиция қызметінің басшыларын ертіп, сол жерге арнайы барып, жағдайды өз көзімен көрді. Ақыры ойлана келе оларды Глубокое ауданының Белоусовка кентінде орналасқан тұрақты мекенжайы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығына жіберуді жөнінде шешім қабылдады. Айта кетейік, мұнда баспанасы жоқ жандарға толық жағдай жасалған, құжаттарын қалпына келтіруге, жұмыс тауып беруге жәрдем көрсетіледі.

Азамат ҚАСЫМ,

«Егемен Қазақстан»

ӨСКЕМЕН