Аймақтар • 15 Маусым, 2017

Алматы әкімдігі ағылшын тілін тегін үйрететін жоба жүзеге асырмақ

265 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағ­дарламасында қазақ­тың руханиятына бет бұ­­р­ғызатын бірқатар ма­ңыз­ды басымдықтар атап көр­­сетілді. Бағдарламаға сәй­­кес, рухани жаңғыру ба­ғы­тында жүзеге асырылуы тиіс игілікті істердің басында, әрине, тіл мәртебесін көтеру тұрғаны белгілі. Ал тіл қоғамдағы өте нәзік мә­­се­леге айналғандықтан, ол айрықша мән беріп қа­­рау­ды қажет етеді.

Алматы әкімдігі ағылшын тілін тегін үйрететін жоба жүзеге асырмақ

Елбасы бағдарламасын іс­ке асыру аясында Алматы қа­ласының әкімдігі ерекше жо­баны жүзеге асыруды қол­ға алды. Қала әкімдігі «Alpha Academy» білім ака­де­­миясымен бірлесе отырып бірінші рет «Тілдер Саябағы – Парк Языков – Language Park» жобасының тұсауын кесті. Мамандар тіл үйренудің, өз ішіндегі талап, ықылас-тілекті оятудың, оған құрметпен қараудың, нәтижесінде толыққанды меңгеріп шығудың түрлі жолдарын ұсынып келеді, бірақ нәтижесі бірде – ти­імді, бірде – тиімсіз.

«Тілдер Саябағы – Парк Языков – Language Park» – нәтижеге негізделген шетелдік жоба.
Осы бағдарлама аясын­да қаланың Медеу ау­да­нының әкімдігі аудан тұр­ғындарын қазақ, орыс, ағылшын тілдеріне тегін оқы­­тып, үйретеді. Тіл үй­ре­ну курстары ашық аспан ас­тында, таза ауада, яғни Алматының Орталық дема­лыс саябағының жасыл алаң­­қайларында ұй­­ым­дас­ты­­рылады. Маусымнан бас­­талып, тамыз айының со­ңына дейін жалғасатын үш айлық тіл курстарында ауданның 600 тұрғыны те­гін оқытылады. Бұл әлеу­меттік жоба ешқандай қаражатты қажет етпейді. Мұғалімдер – еріктілер. Тіл үйренуші де, тілді үйретуші де ақысыз жүйе бо­йынша түр­лі тәсіл арқылы ортақ мүд­де­ге жұмыс істейді. Бұл мақ­сатты іске асыру үшін ар­найы сайт ашылып, тіл үй­ренгісі келетін ынталылар алдын ала сол жерге тіркеледі. 
Өткен жұма күні тұсауы ке­сіл­ген жобаға қызы­ғып, жа­зылған жастардың, оқу­шы­лардың, зейнеткерлердің са­н­ы қазірдің өзінде 600-ден асып кеткен. 
6 жастан бас­тап 60 жасқа дейін ниет біл­діргендер қатарының көп­тігін ескерген аудан әкі­мі Ержан Жылқыбаев ке­лесі айдан бастап курсқа қа­ты­са­тын­дардың саны 1000-ға дейін қамтылатынын айтып, көпшілікті  қуантып тас­тады. Республика бой­ын­ша алғаш рет жүзеге асы­рыл­ғалы отырған жобаның нә­ти­жесі сәтті болса, шетелдік жо­баны алдағы уақытта қаланың басқа аудандарында, тіпті еліміздің басқа аймақтарында да жүйелі ұйымдастыру көзделіп отыр. 

Айгүл Аханбайқызы,
«Егемен Қазақстан»

Алматы