Қ. Тоқаев Қазақстанда энергия жинақтау және «жасыл» экономиканы дамыту саласындағы инновацияны ілгерілетуге ерекше назар аударылып отырғанын атап өтті. Қазіргі кезде өтіп жатқан ауқымды шаралар – «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі мен Астана экономикалық X форумы келешегі зор осы бағытқа арналып отыр.
Сенат Төрағасы Орнықты даму-2030 бен климаттың өзгеруімен күрес саласындағы күн тәртібіне ұйымның қосып келе жатқан үлесін жоғары бағалады. Біздің елімізде ФАО ұйымымен бірлесе отырып «Жасыл көпір» әріптестік бағдарламасы іске асуда, «жасыл» экономикаға көшу жөніндегі тұжырымдама ұлттық деңгейде қабылданды. ЭКСПО павильондары негізінде БҰҰ аясында «жасыл» технологиялар мен инвестициялық жобаларды дамыту жөніндегі халықаралық орталық ашылды.
Астанада 2016 жылы ашылған ұйым Бюросының тиімділігін арттыру жөніндегі бірқатар ұсыныстар айта келіп Қ.Тоқаев: «Қазақстан ФАО-мен ынтымақтастықты үдетуді көздеп отыр», - деді.
В. Рахманин ФАО бағдарламаларын іске асыруға белсенді қатысқаны үшін Қазақстанға алғыс айтты және өзара тиімді әрі нәтижелі ынтымақтастықты дамытуға сенім білдірді.