«Шымкент-Кашемир» ЖШС – жүн түтіп, одан иірілген жіпті шығарып, сырылып тігілген көрпе жасайтын зауыт. Бүгінгі күні кәсіпорынның бірінші кезегі – жүнді жуып, тарайтынды алғашқы өңдеу цехы толық пайдалануға берілді. Цех ең алдымен өндірісті өз шикізатымызбен қамтамасыз ету үшін құрылған. Артылғаны Қытайға экспортталады. Жылына 2000 тоннаға дейін жуылған және таралған жүн шығара алады. Кәсіпорында жергілікті шикізат пайдаланылады.
«Кеңес уақытындағы атағы дүркіреген жүн өңдеуші ірі зауыттар қазір тоқтап қалған. Өкінішке орай, өндірістің бұл түрі төмен табысты салаға жатады және үлкен салымды талап етеді. Бірақ АЭА аумағында орналасқанның есебінен және жекелей жеңілдік пен қолдау болғандықтан, біз жұмыс істеп дамып келеміз»,-дейді Шағанбек Қанжарбайұлы.
Осы жылдың қазан айында зауыт айналым қаражатын толықтыруға 50,0 млн теңге көлемінде несие алды. Кәсіпорын үшін пайыз мөлшерлемесі 17% құрады, оның 7% «Даму» Қоры субсидиялайды, қалғанын зауыттың өзі төлейді.
Қазіргі таңда кәсіпорынның екінші кезеңін жүргізу бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Таралған жүн тізбегін өндіретін цех дайын тұр. Құрылғылардың жартысы сатып алынған және орнатылған, сынамалар жүргізілуде. Келесі жылы мемлекеттік қабылдау актісінен кейін, оның іске қосылуы белгіленуде. Зауыт 2011 жылдың желтоқсанында ашылды. Соңғы екі жыл ішінде зауытқа 160 миллион теңгеден көп жеке қаражат салынды. Инвестицияның жалпы көлемі – 560 млн теңге.