"Цифрлы Қазақстан" бағдарламасы аясында электронды қызмет көрсетуге көшеміз. Қазірдің өзінде біз қызмет түрі eGov платформасында автоматты түрде көрсетіледі. Бұл кепілдікті ұсыну қызметі. Осы қызмет бойынша 360 өтініш қаралып, соның 109-ы мақұлданды. Биыл жыл соңына дейін субсидиялау қызметтерін автоматтандырамыз. Ал келер жылы толықтай автоматты қызметке көшеміз", - деді Сарқұлов.
Оның айтуынша, осы бағыттағы жұмыстарда шағын несиелендіруге ерекше көңіл аударылмақ.
"Шағын несиелендіру кәсіпкерлікті қолдаудың негізгі тетігі болады. Қазақстанда шағын несиелендіруді пайдаланған 200 мыңдай кәсіпкер бар. Олар орташа есеппен 1 млн теңгеден шағын несие алды. Әрқайсысы несие алған күннің ертеңінде-ақ кәсіптерін бастап кетті", - деді Сарқұлов.
Сонымен қатар, қор зияткерлік меншікті сатып алуды қаржыландыру, электронды коммерцияны қолдау, цифрлы платформа мен экожүйені, исламдық қаржыландыру, краудфандинг, краудинвестинг дамытуға көңіл аудармақ.