Қазақстан • 16 Маусым, 2017

Қазақстан халқы Ассамблеясы мультимедиялық портал құрады

158 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан халқы Ассамблеясы мультимедиялық портал құрады. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Дархан Мыңбай хабарлады.

Қазақстан халқы Ассамблеясы мультимедиялық портал құрады

«ҚХА кафедралары мен орталықтарын және өңірлік бөлімдерін біріктіретін ҚХА ғылыми-сараптамалық кеңесінің бірыңғай сараптамалық зерттеу желісін құру керек. Ол үшін 2017-2018 жылдары ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі жанынан құрылатын ҚХА мультимедиялық порталының мүмкіндіктерін тиімді пайдалану керек. Порталды құру жұмыстары жүріп жатыр. Бұл қолданушы аудитория үшін ҚХА сараптамалық ортасына, ақпараттық және сараптамалық бағалауына қолдау білдіруге мүмкіндік береді», - деді Төраға орынбасары Дархан Мыңбай.

Одан бөлек, отырыста қоғамдық сананы жаңғыртуға бағытталған «Туған жер», «Қазақстанның киелі жерлері», «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы», «Жаһандық заманауи қазақстандық мәдениет», «Қазақ әліпбиін латынға ауыстыру», қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойынша «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобалары айналасында танымал ғылыми-ақпараттық орта құру қажеттігі айтылды.

«Әсіресе, «Туған жер» жобасының тәжірибелік маңыздылығын ерекше атап өткім келеді. Бұл бағдарлама Қазақстанның барлық этностарына арналған. Бұл біздің бірлігіміз бен азаматтық сәйкестілігімізді нығайтатын нақты істер. Осыған байланысты, өңірлерде тарихты, мәдени ескерткіштер мен тұлғаларды зерттеу тәжірибесін жүйелеп, қорытып, насихаттаған жөн», - деді Дархан Мыңбай.