Аймақтар • 17 Маусым, 2017

Қостанай облысында келесі жылдан бастап 45 селолық округ өзін өзі басқаруға көшеді

189 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

45 селолық округ бюдджетін жоспарлауды және оны игеруде дербес жұмыс жүргізетін болады.

Қостанай облысында келесі жылдан бастап 45 селолық округ өзін өзі  басқаруға көшеді

Бұл селолық округтарда 277 мың адам тұрады, олар ауыл-село халқының 61 пайызы болып табылады. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап бұл әкімшілік-өңірлік құрылымдарда 5 миллиард теңге болатын қаржыны өз бетінше игермек, оның 1 миллиард теңгесін селолық округтар өздері салықтан жинайды, қалғаны аудандық бюджеттерден трансферт арқылы алынады. Сонда бұл әрбір селолық әкімшілікке 11 миллион теңгеден келеді, яғни 2017 жылғы деңгейден 8 есе артық болады.

Ал қазір селолық әкімдік аумақтарындағы негізгі шығынның барлығын аудан әкімдіктеріндегі салалық бөлімдер атқарады. Өз бюджетін өзі басқаратын селолық округтар атқаратын міндет аз болмайды, олар қазір 6 бюджеттік бағдарлама бойынша жұмыс істесе, алдағы жылы олардың саны 18-ге жетпек. Бір миллиард теңгені табу үшін салықтың бұрын аудан бюджетіне кететін жеке табыс салыығ, жеке және заңды тұлғаларға салынатын көлік салығы, сол өңірдегі жер салығы мен жеке тұлғалардан алынатын мүлік салығы бірден селолық округ бюджетінде қалатын болады.

Нәзира Жәрімбетова

«Егемен Қазақстан»

ҚОСТАНАЙ.