Қазақстан • 30 Маусым, 2017

Көркемсөз шеберлері – Көкшетауда

208 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қазақстан халқы Ассамб­леясының бастамасымен Қазақ­стан Жазушылар одағы­ның мүшелері еліміз­дің өңірлеріне барып, көпшілікпен кездесу­лер өткізуде. Сондай кез­десулердің бірі Көкшетау қаласында өтті. Жазушылар қауымы осын­дағы «Дос­тық» үйінде бас қосып, Елбасының «Бола­шаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын насихаттау, тал­дау және ілгерілету жайын­дағы ойларын ортаға салды.

Көркемсөз шеберлері – Көкшетауда

Алдымен сөз алған Астанадағы «Отырар кітап­ханасы» ғылыми орталығының жетек­шісі, жазушы Тұрсын Жұртбай сөздің саудаға айналып отырғандығы  жайында толғанды. Мем­лекет басшысы Н.Назарбаевтың «Бола­шаққа бағдар: рухани жаңғы­ру» атты мақаласында айтылған ұлт­тық кодымызды білу уақыт талабы екендігіне тоқталды. 
Білім мен ғылым саласындағы мә­се­лелер де назардан тыс қалған жоқ. Білім саласы туралы айт­қан­да, мектепте еңбек сабағынан сэндвич­ті қалай дайындау керек деген ас мәзірін әзірлеу сабақтарының болуы бала санасының батыстық құндылықтарға бейімделуіне жол ашатындығы баса айтылды.  
Шараны үйлестіріп отырған Ақмо­ла облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшы­лы­ғының меңгерушісі Марал Жақыпова Елбасы өз мақаласында мақ­сатқа жетудің жолы сана істен алда болуы керектігін ескерткендігіне назар аударды. Бұл ретте Біртұтас ұлт болу үшін нендей қадамдар жасау керек­ті­гі және  бұқаралық сананы қалай өзгер­туге болары да анық жазылған. Олай болса, таяу жылдары атқарылуға жата­тын міндеттердің қатарында «Қазақ­стан-2050» Стратегиясындағы «2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуіміз керек» деген міндетті іске асыру жолдары; жалпыұлттық патрио­тизмнің өзегі болып табылатын «Туған жер» бағдарламасы; «Жаңа гумани­тар­лық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық»; «Қазақстанның киелі жер­лерінің географиясы»; «Жаһан­дағы заманауи қазақстандық мәдениет» және «Қазақстандағы 100 жаңа есім» атты жобаларды жүзеге асыру күтіп тұрғандығымен бөлісті. Сон­дық­тан да,  бұл міндеттер барша қазақ­стан­дықтардың бірлесе атқаруы тиіс деп саналады. 
Көкшетау қаласының құрметті азаматы, Ақмола облысы Қазақстан халқы Ассамб­лея­сының мүшесі Виктор Терещук өз кезегінде Украинадағы жағдайды мысал ретінде келтірді. Әрбір сала бойын­ша жұмыс істеу мәдениетін қалыпта­с­тыру қажеттігі тұрғысында ой қозғаған ол бұл жағынан әлі де артта қалушылық бар екендігін атады. 
Жалпы, талқылау барысында Елба­сы­ның мақаласынан туындайтын міндет­терге қатысты көптеген жайт ай­тылды. Талқылау барысында сұрақтар қойылып, спикерлер оған тиянақты жауаптар берді. Қайшы­лықтарды еңсерудің жолы да аталмай қалған жоқ. Олай болса, Елбасының мақаласы Қазақстан қоғамын әрі қарай жылжытуда басты бағдар болып табылатыны жеткізілді.

Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»
Ақмола облысы