Әлем • 01 Шілде, 2017

Мәскеудегі дүлей дауыл 4 адамды мерт қылды

301 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Мәскеу өңірінде соққан дүлей дауыл құрбандарының саны 4 адамға жетті, деп хабарлайды Лайф.Ру сайты.

Мәскеудегі дүлей дауыл 4 адамды мерт қылды

Сайттың хабарлауынша Воскресенский ауданында өзен жағасынан 47 жастағы ер адамның мүрдесі табылған.

Анықталған ақпаратқа қарағанда күндіз балық аулауға шыққан Владимир жай түсіп, қаза тапқан.

Еске салсақ, күндіз дауыл кезінде Дмитров ауданы мен Софьино ауылында ер адамдар ажал құшқан болатын.

Ауа райының алапат дүлей «мінезі» кесірінен жүздеген рейс кейінге шегерілді. Құйынды дауыл ағаштарды құлатты, осылайша адамдар зардап шегіп жатыр. Бірнеше интернет-сайт табиғаттың тосын мінезін тікелей эфирден көрсетіп отырды.

Ал, мамандар Мәскеуде мұндай жауын 1923 жылдан бері болмағанын айтады.