Ұлттық спорт • 02 Шілде, 2017

Жас балуан бұрынғы "Қазақстан барысын" жарыс жолынан тайдырды

323 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дәл қазір Астана төрінде айтулы дода "Қазақстан Барысы-2017" турнирі өтіп жатыр. Дүбірлі додада үш дүркін «Қазақстан барысы» атанған Бейбіт Ыстыбаевтан өзге бұрынғы даңқты балуандардың барлығы бар.

Жас балуан бұрынғы "Қазақстан барысын" жарыс жолынан тайдырды

Алайда, 2014 жылы "Қазақстан барысы" жеңімпазы атанған Мұхит Тұрсынов алғашқы белдесуінде ұтылып қалды.

"Қазақстан барысын" тұғырдан тайдырған биыл екінші рет қатысып жатқан әскерилер арасынан шыққан "Әскер барысы" Еламан Ерғалиев болды.

Әрине додаға түскен барлық балуан жеңістен үмітті екені даусыз. Алайда, Мұхиттың алғашқы айналымнан аса алмауы бүгін «Қазақстан барасы» ретінде жаңа есім салтанат құруы да мүмкін екенін көрсетеді.