Аймақтар • 03 Шілде, 2017

Ресей циркінің әртістері Петропавлда жүр

247 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресейден келген "Grand" циркі алғашқы күннен петропавлдықтарға қызғылықты бағдарлама ұсынды.

Ресей циркінің әртістері Петропавлда жүр

Әбден қолға жаттыққан экзотикалық жануарлар мен  акробаттардың  әбжіл қимылдары балаларды ғана емес, үлкендерді де таңдай қақтырды. Тәжірибелі әртістердің бірі Наталья Укола шырқау биікте еш сақтандырусыз өнер көрсетуге әбден дағдыланған.

Қойылымдарда  мультфильмдер мен кинолардағы кейіпкерлер де қамтылған.  Солардың бірі бойы екі метрге жетеғабыл  құлтемір-титан  сайқымазақ та,  гимнаст та, жонглер де бола кетеді. Оны сомдаушы  Алексей Шилинның айтуынша,  таң қаларлық қойылымдар қоюды осы циркте жұмыс істеген анасынан үйреніпті.

Балақайлар  сүйкімді  хайуанат-қонжықтың,  жартқыш аң-жолбарыстың «өнеріне» қайта-қайта қол соқты.

Екі жарым сағатты құрайтын бағдарлама қызықтылығымен, мазмұндылығымен ерекшеленеді.

Сөз арасында «бақытты» билетке тап болсаңыз екі адамға арналған Хайнань аралына жолдама ұтып алуыңыз әбден ықтиал екенін айта кеткен жөн.

Ресейлік "Crand" циркінінің гастрольдік сапары 9 шілдеге дейін жалғасады.

Өмір Есқали,

«Егемен Қазақстан».

Солтүстік Қазақстан облысы.