Аймақтар • 07 Шілде, 2017

Жолсеріктің ерлігі

233 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстауға бармақ болып Мақаттан 9 айлық қызымен «Маңғышлақ - Астрахань» жолаушылар пойызына отырған Арай Жалиева жолсеріктің көмегі арқасында қызына кездескен қиын жағдайдан аман қалды.

Жолсеріктің ерлігі

Аптап ыстықтан дене температурасы 39 градусқа көтерілген сәби есінен танып, клиникалық өлім жағдайына түсіп, 40 минут ес-түссіз қалады. Осы кезде шұғыл көмек көрсету қажет деп шешкен жолсерік Алтынай Рамбаева нәрестені қызметтік бөлмесіне әкеліп, қолдан келген алғашқы көмегін көрсетеді.

Дәрігерлік білімі болмаса да бала өміріне араша түскен жолсерік 2 жарым сағат бойы оған тынымсыз көмек көрсетумен болады. Жолсерік болып жол үстінде жүрген 17 жыл бойы небір оқиғаларға куә болғанмен, бұл Алтынайға кездескен ең ауыр, ең қиын жағдай екен. Сәбидің анасы Алтынайдың азаматтық көмегіне ерлігіне риза. Ана мен бала Атырау ауруханасына жеткізілген, жағдайлары жақсы.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан».

Маңғыстау облысы.