Сейсмологтардың жедел мәліметіне сәйкес, жер сілкінісі 22 қаңтар күні Астана уақытымен сағат 12:03-те Қытай аумағында тіркелген. Карталық деректерге қарағанда, жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 282 шақырым жерде орналасқан. Қазақстан аумағында дүмпулердің сезілгені туралы мәлімет жоқ.
Еске сала кетейік, 12 қаңтарда Алматы маңында жер сілкінісі болған еді. Төтенше жағдайлар министрлігінің Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының хабарлауынша, оның магнитудасы 4,0 болды. Жерасты дүмпулері Қазақстан аумағында сезілмеген.