Аймақтар • 09 Шілде, 2017

Астанада 370 аула жөндеуден өтеді

167 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қала əкімдігі аулалар мен орамдар ішіндегі аумақтарды жайлы ету, спорттық балалар алаңқайларын дамыту бағдарламасын жүзеге асыруда, деп жазады әкімнің сайты.

Астанада 370 аула жөндеуден өтеді

Биыл спорттық, балалар жəне жастар жаттықтыру құралдарын, паркингтерді, тротуарларды біріктіретін барлығы 370 аула жөнделеді, 40 қоғамдық кеңістік салынады.

Əкім Есіл ауданына іссапары барысында бірнеше аулаларға барып, онда бірқатар жаңа алаңқайлар мен абаттандыру жүргізіліп жатқан аулалар ашылды.

Əсет Исекешев "Құлагер" 1, 2 тұрғын үй кешенінде жаңа ауланың ашылуына қатысты. Кешен тұрғын үйлерді сүру бағдарламасы аясында салынған.Қазіргі уақытта аула толығымен абаттандырылған, жолдар төселген. Бұл жерде көпфункционалды жаттығу құралдары, спорттық алаңдары, сәулеттік пішіндер орнатылған.

Тұрғындар мемлекет басшысына жүргізілген жұмыстар үшін алғыс білдірді. Тұрғындарды қала күнімен құттықтау сөзінде Елбасының астаналықтардың өмірін жайлы ету, спортты дамыту, балаларға жағдай жасау, жастарды қолдау бағытында тапсырма бергенін айтты. Бұдан бөлек Е-16 көшесінде орналасқан, қазіргі уақытта 1600 пәтер салынған тұрғын үй кешенін көрді. Жақында бұл жерде балалар алаңы салынады. Қала басшысы тұрғындармен кездесіп, қойылған сұрақтардың шешу жолдарын талқылады. Одан кейін жолдарды жөндеу, аялдамаларды орнату жылдам арада ретке келтіру бойынша тапсырмалар берілді.

Айта кетейік, күні кеше "Сарыарқа" ауданында аула ашылған болатын. Қазіргі таңда орамдар арасында аулалар мен жолдар жөнделген.