Аймақтар • 09 Шілде, 2017

Алматы облысында аптап ыстықтан сел жүру қаупі бар

294 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысында таулы жерлерде сел жүру қаупі сақталатыны ескертілді, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК.

Алматы облысында аптап ыстықтан сел жүру қаупі бар

Алматы облысының таулы жерлерінде 9-10 шілдеде сел жүру қаупі сақталады. Оған жоғары температура себеп болуда.

Өңірде бірнеше тәуліктен бері қырық градус ыстық болып тұр. Жергілікті тұрғындар мен қонақтарға тауға барған кезде абай болу ұсынылады. Еске салсақ, бұдан бұрын синоптиктер алматылықтарға температура 42 градусқа көтерілетінін ескерткен. Алайда көліктерде термометр көрсеткіші 50-ден жоғары болып тұр.