Кино • 10 Шілде, 2017

Ұлттық ұланға тегін фильм ұсынылды

204 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Алатау» дәстүрлі өнер театрының кинозалында Астана күніне орай Рүстем Әбдірашевтің «Тығырықтан жол тапқан» фильмінің қайырымдылық көрсетілімі өтті.

Ұлттық ұланға тегін фильм ұсынылды

Отан қорғаушылардың патриоттық сезімін нығайту мақсатында ұйымдас­тырылған көрсетілім Қазақстан Рес­пуб­ликасының №7552 Ұлттық ұлан әскери бөлімінің әскерилеріне арналып қойылды. 
Отандық кинотуындылардың көрсе­тілуіне басымдық беретін «Алатау» дәстүрлі өнер театрының кинозалында бұған дейін де мемлекеттік мереке­лерде қайырымдылық көрсетілімдер ұйымдастырылған болатын. Қарттар үйінің тұрғындары мен ардагерлерге, балалар үйінің тәрбиеленушілері мен мүмкіндігі шектеулі жандар және әлеу­меттік жағдайы төмен отбасылардың балаларына толатын кинозалға бұл ретте әскерилер жайғасты. «Балалық шағымның аспаны», «Отты өзен» және «Теміртау» фильмдерінен кейінгі «Елбасы жолы» киноэпопеясының төртінші бөлімі еліміздің Тұңғыш Президентінің мемлекеттік қайраткер ретіндегі келбеті мен партия ұйымы­ның жетекшілігіндегі қалыптасу жолдарын қамтиды. Мұнда Нұрсұлтан Назарбаевтың партком хат­шысы болып сайланып, үлкен саясатқа енді араласа бастаған 1971-1977 жылдар аралығындағы қызметі көрініс табады. 
Отанға деген сүйіспеншілік пен елдің игілігі, жұрттың қамы жолындағы жанкештілік көрініс тапқан фильмді тама­шалаған Ұлттық ұлан әскери бөлі­мінің әскерилері театр ұжымына алғы­сын білдірді. Сонымен қатар, «қайы­рым­дылық көрсетілімдері алдағы уақытта да жалғасын тапса» деген тілегін айтты. 

Айгүл Аханбайқызы,
«Егемен Қазақстан»

Алматы