Парламент • 10 Шілде, 2017

Депутаттар өңірлерде кездесулер өткізді

287 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Сенат депутаттары парламенттік сессияны аяқтап, аймақтарға аттанып, онда халықпен және мемлекеттік органдардың өкілдерімен кездесулер өткізуде.

Депутаттар өңірлерде кездесулер өткізді

Сенатор Сәрсенбай Еңсегенов Атырау облысының Қызылқоға ауданында болды. Миялы ауылында депутат жергілікті тұрғындармен, аудан активімен әңгіме өткізді. Іс-шараға аудандық мәслихат депутаттары, ардагерлер, оқытушылар, мем­ле­кеттік қызметшілер, құқық қорғау органдарының басшылары, бұқара­лық ақпарат құралдарының өкіл­дері қатысты.
Сол күні сенатор Тайсойған ауыл­дық округіне келді, сондай-ақ об­лыстық маңызы бар Миялы – Қарабау автомобиль жолының құрылысымен танысты.
Сенат депутаты Әлімжан Құртаев Оңтүстік Қазақстан облысында жұмыс сапарымен жүр. Шымкентте ол қала тұрғындарымен кездесу өткізді және «Наурыз» саябағының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.
* * * 
–––––––––––––––––––––––––
Мәжілістегі «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшелері Бақытбек Смағұл, Зауреш Аман­жолова және Бақытгүл Хаменова Сыр еліне жұмыс сапарымен келді. 
–––––––––––––––––––––––––
Депутаттар Қызылорда қала­сын­дағы «Жан-Арай» агроиндустриялық ке­шені, «Атамекен» балалар ауы­лы­ның жұмысымен танысты. Сонымен қатар, денсаулық сақтау саласындағы объек­тілерге барып, жұмысты дамыту бойын­ша мәселелерді талқылады. 
Кездесу барысында мәжілісмендер сайлаушыларға Парламенттің екінші сессиясы бойынша атқарылған жұ­мыс­тар жайында баяндап, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының орындалу бары­сынан хабардар етті. Мемлекет бас­шысы Н.Назарбаевтың Қазақстан хал­қына Жолдауы және «Болашаққа бағ­дар: рухани жаңғыру» мақаласы да басты тақырыптар қатарынан табылды. 
Халықтың жағдайын жақсартуға бағытталған Әлеуметтік медициналық сақ­тандыру жүйесі, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамы­тудың 2017-2021 жылдарға ар­налған бағдарламасы, білім беру, ден­саулық сақтау, мемлекеттік сатып алу заңдарына өзерістер енгізу мәселелері де назардан тыс қалмады. 
Депутаттар сапарлары барысында тек облыс, қала орталықтарының ғана емес, сонымен бірге, алыс ауылдардың, шет жақтағы елді мекендердің, Арал, Қазалы, Қармақшы аудандарының, Бай­қоңыр қаласының тұрғындарымен бір­қатар кездесу өткізді.
Айта кетейік, жуырда Мәжіліс депутаты Сауытбек Абдрахманов Қызылорда қаласына барып, сол жағалаудағы құрылыс жұмыстарымен танысқан бола­тын. Депутат сондай-ақ Сырдария ауда­нында болып, жұртшылық пен этно­мәдени бірлестіктердің өкілдерімен де жүз­десті.