Жүзуден Қазақстан құрамасының сапында Наталья Звягинцева, Әнуар Ахметов, Дмитрий Ли, Ержан Сәлімгереев, Шахан Жолдасбаев, Бауыржан Қабақов, Сиязбек Дәлиев, Кирилл Ильюкевич және Зүлфия Ғабидуллина өнер көрсетуде. Чемпионат барысында Рио-де-Жанейродағы Паралимпиадалық ойындардың жеңімпазы Зүлфия Ғабидуллина ерекше көзге түсті.
Ол финалда еркін стильде 200 метр қашықтыққа жүзу кезінде жаңа әлемдік рекорд орнатты, көрсеткіші - 03:26,65 секунд. Сонымен қатар, ол еркін стильде 100 метр қашықтыққа жүзу бойынша ең үздік көрсеткіш көрсетіп, 50 метр қашықтыққа шалқалап жүзуде екінші орынға ие болды. Айта кетейік, паралимпиадалық чемпион Зүлфия Ғабидуллина - жүзуден Қазақстан Республикасының халықаралық санаттағы спорт шебері, ҚР ұлттық құрама командасының мүшесі, 12 мәрте әлем рекордын орнатқан.