Қазақстан • 10 Шілде, 2017

Сәрсенов Дүниежүзілік мұнай кеңесінің вице-президенті болып сайланды

200 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамболат Сәрсенов Дүниежүзілік мұнай кеңесінің маркетинг жөніндегі вице-президенті және Атқарушы комитетінің мүшесі болып сайланды, деп хабарлайды KAZENERGY қауымдастығының баспасөз қызметі

Сәрсенов Дүниежүзілік мұнай кеңесінің вице-президенті болып сайланды

Мұндай шешім Ыстанбұл қаласында өтіп жатқан 22-ші Дүниежүзілік мұнай конгресі аясында қабылданған.

Жамболат Сәрсенов жаңа қызметінде барлық қатысушылар арасындағы қарым-қатынасты оңтайландыру, ұлттық және халықаралық мұнай компанияларын әрі қарай тиімді дамыту мақсатында кеңестің оң беделін күшейту әрі ілгерілету сияқты маңызды бағыттар бойынша Дүниежүзілік мұнай кеңесіне мүше елдердің  жұмыстарын үйлестіреді. Сонымен қатар ол Батыс пен Шығыс мемлекеттердің, әсіресе ағылшын тілінде сөйлемейтін елдердің мұнайға байланысты мүдделері мен тәжірибелерін біріктіруге қатысты мәселелерге жетекшілік етеді. ДМК аясында талантты мамандар мен тәжірибелі кәсіпқой мамандардың дағдылары мен құзыретін біріктіру және үйлестіру де Сәрсеновтың басқаруында болмақ.