![ЭКСПО-2017 көрмесіне бір айда 921 293 адам келді](/article_photo/1499691590_article_b.jpeg)
Халықаралық павильондарға жалпы келушілердің саны 5 960 212 адамды құрайды.
Көрме кешенінің негізгі объекттеріне 834 579 адам барған.
Ең ауқымды келушілер санын, 303 007 адамды Нұр-Әлем павильоны жинаған.
Жалпы санақ бойынша көрмеге келушілердің 14% немесе 130 мың адам шетелдік азаматтарды құрайды.
Бір ай ішінде 160 мың адам көрмеге жеңілдіктер арқылы кірген. Бұл тізімге мектеп оқушылары, студенттер, зейнеткерлер және 6 жасқа дейінгі балалар мен мүгедектер, ҰОС ардагерлері жатады.
Сонымен қатар, 1031 мәдени ойын-сауық және іскерлік іс-шаралар, ел басшыларының, министрлер мен халықаралық павильон комиссарларының қатысуымен барлығы 84 ресми іс-шара өткізілді.
Қоғаммен байланыс департаменті