Қазақстан • 11 Шілде, 2017

Халық қалаулысы жұртшылықпен жүздесті

80 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кезекті Парламент сессиясынан кейінгі депутаттардың өңір­лерді аралауы жалғасуда. Осы ретте Парламент Мә­жі­лісі Төрағасының орынбасары «Нұр Отан» партиясы фрак­ция­сының жетекшісі Гүлмира Исімбаева Алматыға келді.

Халық қалаулысы жұртшылықпен жүздесті

Гүлмира Исімбаева жұмыс сапарын «Нұр Отан» партия­сы Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары Жұлдыз Омарбековамен, сондай-ақ, қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Валихан Ахметовпен бірге қаладағы №11 емхананың ұжымымен кездесуден бас­тады. Кездесу барысында ол елі­міздің денсаулық сақтау сала­сында жүзеге асырылып жатқан елеулі реформалар мен оң өзгерістер жайлы кеңі­­нен айтты. Сондай-ақ, Әлеу­­меттік медициналық сақ­­тан­дыру жүйесінің маңы­зына тоқталып, халық­тың әл-ау­қатын арттыру мен ден­саулығын сақтауда атал­ған жүйе­нің өміршең екенін тілге тиек етті.

Сонымен қатар, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары мен Ел­басының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдар­ламалық мақаласында қамтыл­ған міндеттерді жүзеге асыру­дың тетіктері де әңгіме өзегіне айналды.

Мәжіліс Төрағасының орын­басары қала іргесіндегі қыза­нақ пен қияр өнімдерін өсіре­тін «BRB APK» жылыжай ке­шеніне арнайы ат басын бұрып, аталған өндіріс ұжымы­ның жұмысымен таныс­ты. Жас мамандармен дидарласып, «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» сияқты мемлекеттік бағ­дар­­ламаларға қатысты өзекті сауал­дарға жауап берді және аталған бағдарламалардың мол мүм­кін­діктері мен жеңілдіктері жайлы жан-жақты сөз қозғады.

Г.Исімбаева келесі кезекте Алатау ауданында орналасқан Алматы индустриялық айма­ғын аралап, нысандардың өн­дірістік қуатымен танысты. Қаланың Наурызбай ауданында 1200 оқушыға арналып салынып жатқан білім ошағының құрылыс жұмыстарын өз көзімен көріп, аталған аудан­дағы №36 емхананың салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.

Арман ОКТЯБРЬ,
«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ