Қазақстан • 11 Шілде, 2017

Бельгиямен байланыс беки түсті

139 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада Қазақстан Республикасы мен Бельгия Корольдігінің арасында дипломатиялық қатынастар орнауының 25 жылдығына арналған саяси консультация­лар өтті.

Бельгиямен байланыс беки түсті

Қазақстан тарапын Сыртқы істер министрінің орынбасары Ро­ман Василенко, ал Бельгия та­­рапын Бельгия СІМ-інің Екі­­жақ­ты істер бойынша бас дирек­­торы Аник Ван Калстер басқар­ды.

Тараптар саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамытудың ке­лешегі, халықаралық күн тәрті­біндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Кездесу барысында Р.Ва­си­ленко бельгиялықтарды Пре­зиденттің «Қазақстанның Үшін­ші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жол­дауы­ның басымдықтарымен, билік тармақтары арасында өкілет­тіктерді қайта бөлу бойынша реформалардың барысымен, Мем­лекет басшысының «Бола­шаққа бағдар: рухани жаң­ғыру» мақаласының негізгі ере­желерімен, сондай-ақ, ел­дің БҰҰ ҚК-не тұрақты емес мү­шелігі кезеңіндегі негізгі басым­дықтарымен таныстырды.

Дипломаттар сауда-экономикалық қарым-қаты­нас­тардың дамуының оң серпінін атап өтті. Осылайша, 2016 жылдың қо­рытындысы бойынша елдер ара­сын­дағы сауда айналымы 2015 жыл­мен салыстырғанда 12%-ға өсіп, 299,5 млн АҚШ долларын құ­рады.

Тараптар Қазақстан мен Бель­гия сыртқы саясат ведомство­ларының ынтымақтастығын жан­дандыруға өзара мүдделестік танытты.

«Егемен-ақпарат»