ЭКСПО-2017 • 11 Шілде, 2017

Малайлықтар әріптестікті мақтаныш тұтады

248 рет
көрсетілді
12 мин
оқу үшін

Астана қаласында өтіп жатқан ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесiнде Малайзияның ұлттық күнi тойланды. Мерекелік шара аясында көрме қонақтарының назарына өздерiн «нағыз азиялықтар» деп атайтын малайзиялықтардың мәдени-танымдық бағдарламасы ұсынылды.

Малайлықтар әріптестікті мақтаныш тұтады

Басқосудың ресми бөлімінде Ұлттық экономика вице-министрі Айбатыр Жұмағұлов сөз сөйлеп, елі­міздің Оңтүстік-Шығыс Азия ел­дері ішінде Малайзияны ма­ңызды сау­да-экономикалық се­ріктес ретінде қа­рас­тыратынын айт­ты. «Осы орайда сауда-эко­но­микалық байланыстарда екіж­ақ­ты оңтайлы көрсеткіштерді атап өткім келеді. Қазақстан мен Ма­лайзия арасындағы сыртқы сау­да айналымы 2017 жылдың 4 айында 26,1 млн АҚШ долларын құрап, өткен жылдың сәйкес ке­зеңімен са­лыстырғанда 30,2 пай­ызға жоғары болды», деді А.Жұмағұлов. Оның ай­туынша, ЭКСПО көрмесінде Малайзия павильонының ашылуы екі ел арасындағы өзара іс-қимылдың жо­ғары деңгейін дәлелдейді. Бұл тұ­­рақ­ты дамуды қамтамасыз етуде ұ­ста­ным­дарымыздың да сәйкес келіп отыр­ған­ды­ғын байқатады.

Көрме қалашығындағы жиын барысында Малайзияның Энергетика, жасыл технологиялар және су ресурстары министрiнiң орынбасары, сенатор Датук Сери СК Девамани өз елінің көпұлтты және мәдениеті озық қоғамдардың бiрi екенiн жет­кіз­ді. «Көптеген елдер жаппай көшi-қон нәтижесiнде көпұлтты ел атанып жатқанда, Малайзия муль­ти­этностық ұлт болып алпыс жыл бұ­рын қалыптасқан едi. Бiрқатар этносы бар көптеген мемлекеттер си­яқты бiздiң де басымызға бiраз ауыр­т­пашылық пен сын замандар түскен. Бi­рақ малай халқы ыдырамай, тозбай, ке­рiсiнше барлық қиындықтарды жеңіп, үйлесiмдi ұлт болып даму үшiн алдына үлкен мақ­саттар қойды. Бiз үшiн ауыз­бiршiлiк пен достық өте ма­ңызды. Соның ар­қа­сында бiз Қа­зақ­­стан сияқты на­ғыз бiр­лiгi бар ел ретiнде әлемге та­ныл­дық», дедi ол.

 Энергетика, жасыл технологиялар және су ресурстары министрiнiң орынбасары Малайзияның Қазақ­стан­­мен тағы бiр ұқсастығын атады. Оның айтуынша, Қазақстанда «Қазақстан-2050» стратегиялық даму бағдарламасы болса, Малайзияда «2020 ұлт жоспары» бар. Жақында ел Үкiметi «Ұлттық трансформация-2050» бастамасын таныстырған екен. Бұл бағдарламаға сәйкес, Үкiмет мемлекеттiң даму жолдарын табу үшiн халықпен ақылдасып, бар идеяларын азаматтармен бөлiспек.

«Қазіргі уақытта біздің энергия қуатын өндіретін көздеріміз 22,5 пайыз көлемде су мен күн энергиясына, биогаз және биомассаға тиесілі. Малайзияның он бірінші жоспарына сәйкес, 2020 жылға қарай қайта жаңғыртылатын энергия өндірісін 2080 МВт-қа жеткізуді көздеп отырмыз», деді Д.Девамани мерекелік жиында.

Қазақстан мен Малайзия халал индустрия, исламдық қаржыландыру жүй­есі, туризм, жаңғыртылатын энер­гия, мұнай, газ бен инвестиция сала­сын­да ынтымақтастығын одан әрi да­мыт­пақ. Осы орайда, ұлттық күн аясында Малайзия павильонында Туризм және бизнес апталығы бас­тал­ды. Бұл шара 14 шiлдеге дейін жалғаспақ.

Миллионыншы көрермен қашан келеді?

Елордада өтіп жат­қан ха­лықаралық маман­дан­ды­рылған көрменің бір айлық қорытындысына ар­налған баспасөз мәс­ли­хаты өтті. Жиында «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарушы директоры Бейбiт Қарымсақов күллі әлем көз тіккен ша­ра­ көрермендерінің саны миллионға жуықтап қалғанын жеткізді. «Бiр айда, 10 маусым мен 10 шiлде аралығында көрмеге барлығы 921 293 адам келдi. Миллионыншы адам 11 шілде күні, түстен кейiн сағат 17-19 ара­лығында келедi деген болжам бар. Ал көрмеге кiрiп-шығу саны 5 млн 960 мың 212-ге жеттi. Адамдар ең көп тамашалаған павильон - «Нұр әлем», оған ­303 мыңнан астам көрермен келген», дедi Б.Қарымсақов.

Компания басшылығының мәліметінше, көрменi 130 мың шетелдiк тамашалаған, бұл барлық келушiлердiң 14 пайызын құрайды. Қонақтар негiзiнен Ресей, Германия және Қытай елдерінен сапарлап келген. Ал жеңiлдiктi 160 мың­ға жуық адам пайдаланып, көр­менi тамашалаған. Олар – 6 жас­қа дейінгі балалар, мектеп оқу­шы­лары, студенттер, зейнеткерлер және мүгедектер. 409 700 адам еліміздің басқа өңірлерінен ұй­ым­дастырылған топтармен келді. Оның ішінде 17 700-і балалар. Ке­лу­шілердің басым бөлігін Қа­рағанды, Ақмола, Павлодар облыстарының тұрғындары құрайды.

«Өздеріңізге белгілі, ЭКСПО өтіп жатқан уақытта ашық аспан режімі бар. Осы уақыттың ішінде елімізде 21 әуе компаниясы 28 халықаралық бағыт бойынша жұмыс істейді. Аптасына 166 рейс келеді.

Қаладағы қонақ үйлерге келсек, олар 60 пайызға ғана толық. Бұл өткен жылмен салыс­тыр­ған­да 3 есеге артық. Бір айдың ішінде көрмеде 1 031 ойын-сауық және іскерлік шаралар ұй­ымдастырылды. Мемлекет бас­шыларының, министрлердің, ха­лықаралық комиссиялардың қа­тысуымен 84 хаттамалық шара өтті. 1–10 шілде аралығында біз жеңілдетілген екі акция өт­кіз­дік», деді компанияның бас­қа­рушы директоры.

Жиын барысында ЭКСПО-2017 көрмесіне 1 млн 800 мың билет сатылғаны мә­лім болды. Ұлттық ком­па­ния­ның Коммерциялау депар­та­­ментінің  директоры Дәулет Еркім­ба­евтың айтуынша, соңғы ұйым­дас­тырылған акция аясында тағы бір жаңа билет түрі енгізілген. Ол «кешкі билет» деп аталады, сағат 18:30-дан бастап, сол күні көрме жабылғанға дейін жарамды. Мұны әзірге 25 500 адам, 3+1 акциясын 14,5 мың адам пайдаланған. «17 жасқа дейінгі балалар демалыс күндері тегін кіре алатын жастар тарифін 50 мыңнан астам кәмелеттік жасқа толмағандар пайдаланды. Тағы бірқатар қосымша билеттік өнімдерді әзірлеп жатқанымызды айта кетейін. Ол жайында сәл кейінірек хабарлайтын боламыз. Қазіргі сәтте көрмеге 1 млн 800 мың билет сатылды», деді Д.Еркімбаев.

Коммерциялау депар­та­ментінің директоры халықаралық көр­меде қонақтар 80 млн теңгеге кәдесыйлар сатып алғанын әң­гімеледі. «Бұған дейін айт­қанымыздай, біздің аумақта қоғамдық тамақтануға арналған 25 нысан және 33 дүңгіршек бар. Бір ай ішінде аталған кафе, мейрамханалар 210 мыңнан астам адамға қызмет көрсетті. Көрме аумағындағы тамақ қауіпсіздігіне қатысты айтар болсақ, бізде логистикалық орталық жұмыс істейді. Сол арқылы барлық жүк, оның ішінде азық-түлік те жеткізіледі.

Жақсы көрсеткіштердің бірі – кәдесый өнімдерінің саудасында. Қазіргі уақытта 80 млн теңгеден астам сомаға шамамен 40 мың кәдесый саттық. Бұл көрмеге келушілердің арасындағы қызығушылықтың жоғары екендігін көрсетеді», деді ұлттық компания өкілі.

Тарихтағы ұқсастық татулыққа көпір болды

ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі қалашығында Латвия Республикасының ұлттық күні өтті. Салтанатты шараға Латвия президенті Раймонд Вейонис пен Қазақстан Премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин қатысты. Мерекелік шара әдеттегідей, екі елдің ұлттық туларының көтерілуімен басталып, мемлекеттік әнұрандары орындалды. Содан кейін Қазақстан тарапынан Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Асқар Мамин сөз сөйлеп, ағымдағы жылы екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 25 жыл толатындығын еске салды. Осы аралықта қазақ-латыш арасындағы саяси-экономикалық байланыстар нығайып, жоғары деңгейге көтерілген. 

«Мен үшін Астана қаласында ЭКСПО-2017 халық­ара­лық маман­дан­ды­рылған көр­ме­сіндегі Лат­вияның ұлт­тық күнінің ашы­лу салтанатында бар­лы­ғыңызды қарсы алу – үл­кен мәртебе. Латвия павильонының «Кездесу орны – Латвия. Энергия – табиғатыңызда» атауы кездейсоқ таңдалған жоқ. Бұл тақырып Латвияның жа­сыл энергиясы си­яқты табиғи құн­дыл­ық­т­арымызды, сондай-ақ­ түрлі секторларда бізд­ің компаниялар мен бі­лік­тілігі жоғары сарапшылар арқылы жасалған ынтымақтастығымызды да қамтиды», деді жиында Латвия президенті Раймонд Вейонис.

Ол өз сөзінде екі мемлекеттің тари­хын­дағы ұқсастықтардың да бар екенін атап өтті. «Бұл бір-бірімізді жақсы түсінуге, саяси келіссөздерді дамыту мен түрлі мәдениетімізді бағалауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, әрі қарайғы бірлескен жетістіктер үшін күшті негіз болып табылатын жемісті экономикалық ынтымақтастыққа септігін тигізеді. Қазақстан – өңірдегі Латвияның ірі сауда серіктесі. Біздің елдер арасында экспорт пен импорт айналымының біртіндеп қарқын алып келе жатқаны байқалады. Қазақстанның инфрақұрылымы өте жақсы дамыған әрі Қытай мен Орталық Азияның көршілес жатқан елдерімен тығыз байланыс арқылы жоғары артықшылыққа ие», деді Латвия президенті.

Салтанатты шараның ресми бөлімінен кейін Латвияның танымал әншісі, музыкант әрі композитор Интарс Бусулис пен үздік джаз-бэндтардың бірі Марис Бриежкалнстің квинтеті өнер көрсетті.

Мерекелік жиын Латвия павильонында Транзит және логистика апталығының ашылуымен жалғасты. Апта ішінде мемлекеттің көлік-логистика саласына, оның мақсаттары мен бұл бағытта атқарылып жатқан шаралары мен халықаралық сахнада қол жеткізген жетістіктеріне арналған түрлі іс-шара­лар өтпек. Басқосуда Рай­монд Вейонис көлік секторының Латвия үшін маңызы зор екенін жеткізді. «Дәстүрлі түрде халық шаруашылығының қалыпты қан айналымын қамтамасыз етіп отыратын көлік саласын ел экономикасының күретамыры деп айтуға болады. Сондықтан бұл секторды одан әрі дамыту – мемлекет үшін ерекше басымдыққа ие. Мен әсіресе, Еуразия құрлығындағы ғаламдық көлік қозғалысына арналған пікірталасты өзімнің Қазақстандағы сапарым барысында ашып отырғаныма қуаныштымын», деді ол.

Ұлттық күн ұтымды ұйымдастырылды

ЭКСПО-2017 халық­ара­лық көрмесінің ала­ңын­да Әзербайжан хал­қының ұлттық күні өт­ті. Мерекелік шараға мемлекеттің бі­­рінші вице-пре­зи­ден­тінің көмекшісі Анар Алакбаров қатысып, сөз сөйледі. Ол екі ел арасындағы берік дос­тық пен сыйластық жайында ерекше әңгімеледі. 

«Әзербайжан Респуб­ли­ка­сы орасан оқиға болған бұл көрмеге қатысуға ерекше мән береді. Бұл шара сан алуан елдердің халқын біртұтас және игі мақсатпен біріктіріп отыр. «Болашақ энергиясы» тақырыбы бүгінгі күннің та­лаптарына толықтай сай және баршаға түсінікті. Балама энергия көзін өңдеу мәселесі қазіргі таңда халық­ты алаңдататын сауал», деді Анар Алакбаров. Оның ай­ту­ынша, энергетикалық қау­іпсіздіктің мәні энергия мен ресурстар төңірегіндегі дау­да емес, халықаралық се­ріктестіктің төңірегінде болуы тиіс.

Әзербайжанның Энер­ге­тика вице-министрі Магзум Мирзагалиев өз елінің ЭКСПО-2017 халықаралық көр­месін алғашқылардың қа­тарында қолдағанын жә­не қатысуға өтініш бер­ге­нін айтты. «Бүгінгі күн Қазақстан мен Әзербайжан ел­дері көзқарастарының ор­тақ екенін көрсетсе керек. Біздің мемлекетіміз ар­қы­лы өтетін кавказдық жол ба­ғыты Әзербайжанның Еу­ро­па нарығына шығуына мол мүмкіндік жасады. Біз Қа­з­ақстан арқылы Орталық Азия мен Қытайға жол ашып отыр­мыз. ЭКСПО-2017 көр­ме­сінің арқасында жолымыз даң­ғылдана түседі деген үміт­темін», деді вице-министр.

Әзербайжандықтар ұлт­­тық павильонының қой­ы­лы­мында өз елдерінің балама энергия көздері арқылы жет­кен жетістіктерін бей­не­лейтін стендтер, карта­лар және экспонаттар ұй­ым­дастырды. Сондай-ақ, олар өздерінің тарихы мен мәдениетін, өнері мен дәс­түрін, байлығын ұлттық өнер­мен көрсетті. Ұлттық күн­ге қатысқан қонақтар Ба­куда серуендегендей күй кешкендерін айтты.

Топтаманы дайындаған

Асхат РАЙҚҰЛ,
«Егемен Қазақстан»

Суреттерді түсірген

Орынбай Балмұрат,
«Егемен Қазақстан»