Кәсіпқой бокс • 11 Шілде, 2017

Альварес: Головкинді нокаутпен жеңемін

135 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Екі салмақ дәрежесі бойынша бокстан бұрынғы әлем чемпионы Сауль "Канело" Альварес (49-1-1, 34 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен (37-0, 33 КО) қыркүйекте өтетін жекпе-жекке дайындығы туралы айтып берді. Бұл туралы vesti.kz хабарлады.

Альварес: Головкинді нокаутпен жеңемін

Мексикалық боксшы жекпе-жекті нокаутпен аяқтайтынына сенімділік білдірді.

«Үнемі жаттығып, өзімді қалыпта ұстаймын. Дайындыққа аптасына үш-төрт рет барамын. Ал алдағы бір-екі аптадан кейін нағыз дайындығымды бастаймын. Барлығы нокаут көргісі келеді. Мен де жеңіске солай жетем деген ойдамын. Біздің жекпе-жек нокаутпен аяқталуы әбден мүкін, себебі біз қарсыластарымызды жиі нокаутқа түсіреміз», дейді «Канело».

Айта кетейік, жекпе-жек 16 қыркүйекте Лас-Вегастағы 20 мың адам сиятын T-Mobile аренасында өтеді. Бұл бокс кешіне билеттердің барлығы сатылып кетті. Ал HBO арнасы жекпе-жекті ақылы трансляция жүйесі арқылы көрсетеді.