Қазақстан • 11 Шілде, 2017

Біртанов: Елімізде дәрі-дәрмектің шекті бағасы бекітіледі

126 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде дәрі-дәрмектің шекті бағасы бекітіледі. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді.

Біртанов: Елімізде дәрі-дәрмектің шекті бағасы бекітіледі

«Елбасы халыққа Жолдауында биыл жыл соңына дейiн барлық дәрi-дәрмек өнiмдерiнiң бағасын реттеу туралы тапсырма берген болатын. Министрлiк ұлттық дәрiлiк саясатты жүзеге асыру бойынша жоспар әзiрледi. Бүгiнгi кезде препаратқа еш бақылаусыз баға қою жүйесi қалыптасқан. Бұған өндiрушiлердiң дәрiге кез келген бағаны белгiлеуi дәлел. Сондай-ақ, дәрiханалар сол препараттарға қалағанынша баға қосуға құқылы. Осының салдарынан бір қалада орналасқан дәріxаналардың баға айырмашылығы 20 пайызға дейін жетеді. Ал нақты бір дәрі-дәрмектің тапшылығы туындаса, үстеме баға 200 пайызға дейін өсіп кетеді. Болгарияда тура сондай препараттың бағасы 45 пайызға арзан болады. Себебі, ол жерде дәрі-дәрмектердің шекті бағасы белгіленген», деді Біртанов Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, алдағы уақытта елімізде медициналық препараттардың шекті бағасын енгізу жоспарланған. Ол үшін тиісті заң жобасы да дайын. Қазіргі кезде оны талқылау жұмысы қолға алынып отыр.

«Осы жылдың қыркүйек айында біз аталған заң жобасын Парламент Мәжілісінің қарауына енгізуді көздейміз. Ал келесі жылдан бастап Қазақстанда дәрі-дәрмектердің шекті бағасы енгізу керек», деп атап көрсетті Елжан Біртанов. Осы орайда министр Үкімет басшысының қолдау көрсетуін сұрады.