ЭКСПО-2017 • 12 Шілде, 2017

Көлік полицейлерінің қалтқысыз қызметі

122 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ішкі істер министрлігі Көліктегі ішкі істер департаментінің жеке құрамы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізу кезінде құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында күшейтілген режімде жұмыс істеуде. Бүгінде олардың қадағалау аумағында – «Астана-1» және «Нұрлы жол» темір жол вокзалдары мен Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында қауіпсіздік қамтамасыз етілген.

Көлік полицейлерінің қалтқысыз қызметі

Қоғамдық тәртіпті сақ­тау­ға, әуе және темір жол кө­лік­терімен қатынайтын жо­лау­шылардың, соның ішінде шет­елдік қонақтардың қауіп­сіз­дігін қамтамасыз етуге департаменттің жүзден аса қызметкері күнделікті жұ­мылдырылады. Есепті мер­зім ішінде қабылданған шаралар­дың нәтижесінде шетелдік қонақтар мен делегацияларды күтіп алу мен шығарып салу кезінде тө­тен­ше оқиғаларға жол берілген жоқ. 
Көліктегі ІІД басты­ғы­ның орынбасары, полиция пол­­ковнигі Талғат Өтетілеу­ов­­тің айтуынша, жыл басынан бері еліміздің көлік по­ли­­цей­лері 29772 құқық бұ­зу­шы­ны анықтап, әкімшілік жау­ап­кершілікке тартылған. 
«ЭКСПО-2017 көрмесіне дейін Астана қаласының темір жол вокзалдарындағы жолаушылар ағыны 11-12 мың адамды құраса, бүгінде олардың саны 19 мыңға жетті. Басшылық құрамдағы жауапты лауазымды тұлғалар кезекшілікке бе­кі­тілген. Қыл­мыс­ты анықтау, орын алған оқи­ғалардың ізін суытпай ашу бойынша қосымша жедел-тергеу топтары құрылды. Бұдан бөлек, республикалық және халықаралық бағыттағы барлық пойыздарға депар­та­менттің қызметкерлері іле­сіп жүреді. Сондай-ақ, Ки­но­­логиялық қызмет орта­лы­ғының қызметкерлері қыз­мет­тік-іздестіру иттерінің кө­ме­гі­мен перрондар, вокзалдар мен әуе­­жайлардағы жүк бө­лім­ше­ле­рін, жүк сақтау қой­ма­ла­ры мен кү­ту залдарын ұдайы тексеру­ден өткізуде», деді полиция по­л­­ковнигі.  Көліктегі ІІД-нің жеке құ­рамы 10 қыркүйекке дейін күшейтілген режімде жұмыс істейді.

Асхат Райқұл,

"Егемен Қазақстан"