ЭКСПО-2017 • 12 Шілде, 2017

Билефельдтен келген велошабандоз

144 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанадағы ЭКСПО-2017 ха­лық­аралық мамандандырылған көр­месін тамашалауға гер­ма­ния­лық велошабандоз Фоль­кер Штюве туған қаласы Би­ле­фельдтен велосипедпен келді.

Билефельдтен келген велошабандоз

Берлин, Варшава, Минск, Мәскеу, Қазан, Уфа, Челябі қалаларын жүріп өткен спортшы қазақ жеріне Қостанай арқылы кірген. Жалпы алғанда, экологиялық таза көлікпен 5500 шақырым жолды артқа тастап, Астанаға табан тіреді. Штюве жаңғыртылған энергия саласында жұмыс істейтін германиялық компанияда еңбек етеді. Жасыл технологияны насихаттайтын саяхатшы дәл осындай сапарды 2015 жылы да жасап, ЭКСПО-2017 көрме кешенінің құрылысымен танысып кеткен еді. 
«Астанаға екі жыл бұрын келгенмін. Аз уақыт ішінде көп жұмыс атқарылыпты. Халықаралық көрме кешенінің сәулеті ерекше есте қалды. Жасыл энергия – біздің болашағымыз. Сондықтан мұнда қандай көлік түрімен болса да келіп көруге тұрарлықтай тың технология жетерлік. 
Қызым Астанаға баратынымды естіп, смартфон қапшығын арнайы тоқып берді және оны Президент Нұрсұлтан Назарбаевпен кездессем, сыйға тартуымды өтінді», дейді велошабандоз.

Асхат Райқұл,

"Егемен Қазақстан"