ЭКСПО-2017 • 12 Шілде, 2017

Астанада үлкен теннистен ХІХ халықаралық турнир өтеді

147 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аясында Астана қаласындағы Ұлттық теннис орталығында «ATP Challenger» және «ITF Women’s сериялары» бойынша Президент Кубогы үшін үлкен теннистен ХІХ халықаралық турнир өтеді.

Астанада үлкен теннистен ХІХ халықаралық турнир өтеді

Жалпы жүлде қоры 225 мың АҚШ долларын құрайтын байрақты бәсеке 17-23 шілде аралығында ұйымдастырылады. Оған әлемнің 30 елінен 200-ге жуық теннисші қатыспақ. Олардың қатарында әлемдік рейтингтің ТОП-жүздігіне кіретін спортшылар да бар. Қазақстан намысын Михаил Кукушкин, Андрей Голубев, Дмитрий Попко және Кәмила Керімбаева қорғайтын болады. Дәл осы күндері «Astana Masters 12& under President’s Cup» балалар теннисі және әуесқой теннисшілер арасында «AstanaOpen» турнирі де өтеді. Қазіргі таңда Қазақстан құрама ко­ман­­дасының мүшелері турнир аясында «Керуен» сауда және ойын-сауық ор­та­лы­ғында шеберлік-сабақтарын өткізуде.