Қазақстан • 12 Шілде, 2017

Ассамблея қызметімен танысты

148 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Дархан Мыңбай Германияның Қоныс аударушылар мен аз ұлттар істері жөніндегі федералдық үкіметінің уәкілі, Бундестаг депутаты Хартмут Кошикпен кездесті.

Ассамблея қызметімен танысты

Басқосуға Германия Бундес­та­гының депутаты Г.Цертик, ЕО істері және халықаралық іс­­тер жөніндегі департаме­нт бас­­шысы Й.Бентманн, Гер­ма­­ния Федеративтік Рес­пуб­ли­ка­сы­­ның (ГФР) Қазақстан Рес­­пуб­­­ли­ка­сындағы елшілігінің 2-ші хатшысы К.Гронсфельд, Ре­­­сей не­м­істері жерлестігі ұйымы­ның федералдық төрағасы В.Айзенбраун қатысты. Кездесу барысында Д.Мың­бай Германиядан келген қон­ақ­тар­ды ҚХА-ның құрылу тарихымен, конституциялық мәртебесімен, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті ны­ғай­ту бойынша міндеттері және жүр­гі­зетін жұмыстарымен, сон­дай-ақ, Парламент Мәжілісін­дегі Ассам­блея депутаттарының қызметімен, ҚХА-ның ха­лық­ара­лық ынты­мақ­тас­тық ба­ғы­тындағы жұмысымен та­ныстырды. 
ҚХА Төрағасының орынба­са­ры ел­дер арасындағы қа­ты­нас­тардың ашық сипатын, Пре­зи­дент Н.Назарбаев пен Фе­де­рал­дық Кан­цлер А.Мер­ке­ль­дің тұ­рақты түр­­де ті­ке­лей байланыс­та болаты­нын атап көр­сетіп, Қа­зақ­с­тан не­містерінің қо­­ғам­­дық бір­лес­тіктерінің «Воз­рож­де­ние» («Wiedergeburt») қауым­дас­тығының қызметі туралы әңгімеледі.  
Д.Мыңбай Елбасы бастама­шы­лық жасаған қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын тиімді іске асырудың ел үшін ма­ңыз­дылығын айтты.
Х.Кошик этносаралық қаты­нас­тардың үйлесімін орнатуда, бірлік пен мәдениетаралық үн­қа­тысуды нығайтуда көптеген елге үл­гі болып отырған Қазақстанның да­ра көшбасшылығын атап көр­сет­ті. 
Шетелдік қонақтар «Астана опера» әртістерімен жә­не Павлодар музыкалық колледжі­нің студенттерімен бірге Пав­лодар облысында өткен  не­міс мәдениеті мен классикалық не­міс музыкасының фестиваліне қа­тысқандары, оның барысын­да Қазақстан немістерінің мә­де­ниетін, тілі мен дәстүрлерін да­­мыту үшін барлық жағдайлар жа­­салғанына іс жүзінде көз жет­кізг­ендері туралы әңгімелеп берді.
Кездесуді қорытындылай ке­ле, Д.Мыңбай Х.Кошик пен Г.Цер­тикті Қазақстан халқы Ассам­блея­сы­ның кезекті XXVII сессиясына қа­тысуға шақырды.

Нұрлыбек ДОСЫБАЙ,
«Егемен Қазақстан»