Медицина • 12 Шілде, 2017

Президент тарту еткен томограф

156 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағандылық мамандар он жыл бұрын Мемлекет басшысы сыйлаған магнитті-резонансты томографты қайтадан іске қосты. Бұл Қазақстандағы алғашқы томография аппараттарының бірі. Томограф мемлекеттік-жеке серіктестік бағдарламасы бойынша жөнделді.

Президент тарту еткен томограф

– Өткен жылы томографты мерзімдік жөндеу жұмыстары жүргізілді, – деді «Шипагер» компаниясының директоры Денис Подгайнов. – Бұл «Siemens» фирмасының аппараты. Нарықта мұндай құрылғыларды жөндеу өте қымбатқа түседі. Біздің орталықта осы секілді жабдықты жөндеу және жеткізу тәжірибесі болғандықтан жөндеу жұмыстары арзанға түсті. Томограф екі апта бұрын қайта іске қосылды. Қысқа уақыт аралығында 300-ге жуық адам зерттеуден өтті. Аталған аппараттың 10 жылдық қызметі барысында дәрігерлер Қарағанды облысының 30 мыңнан астам тұрғындарына диагноз қойып үлгерген. Томографтың шыққан мерзімі оның жұмыс сапасына әсер етпейді, – деп түсіндірді Денис Подгайнов. – Онда тұрақты магнит орнатылған. Ол 30 жыл аралығында магнит өрісін сақтап тұрады. Сондықтан кескінде ешқандай ақау болмайды. 
Қазір қайта қалпына келтірілген МРТ аппараты Оңтүстік-Шығыс шағын ауданындағы №5 емханада науқастарды зерттеу үшін қолданысқа берілген. 

Мирас АСАН,
«Егемен Қазақстан»

Қарағанды облысы