Қазақстан • 17 Шілде, 2017

Беларусьте жұмыс сапарымен болды

140 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Беларусь Республикасына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Беларусьте жұмыс сапарымен болды

Биылғы 12-14 шілдеде бол­ған сапары аясында Гүлшара Әбді­қалықова Беларусь Президенті Әкім­шілігінің басшысы Н.Кочанова­мен кездесті. Кездесуде өңіраралық деңгейдегі және сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалар­дағы екіжақты өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.
Мемлекеттік хатшы Қазақстан мен Беларусь арасын­да­ғы тауар айналымы 2017 жылғы қаңтар-сәуір айларында 160,4 млн доллар болғанын және оның 2016 жылдың тиіс­ті кезеңімен салыстырғанда шамамен 76%-ға өскенін атап өтті.
Гүлшара Әбдіқалықова Беларусь тарапына Астана­дағы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырыл­ған көрмесіне белсене атсалысып жатқаны үшін ризашылық білдірді.
Н.Кочанова мәртебелі мей­манға сапармен келіп, ЭКСПО-2017 көрмесі ая­сын­да өтетін «Әйелдер бола­шақ­тың энергиясы үшін» атты халық­аралық әйелдер форумына ша­қ­­ыр­ғ­анына алғыс айтты.
Сапар аясында Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова елдер мен құрлықтарды біріктіре­тін ірі мәдени форум – «Славян базары» атты халықаралық өнер фестивалінің ашылуына қатысты.