Парламент • 17 Шілде, 2017

Депутаттық куәліктер тапсырылды

168 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орталық сайлау комиссиясында (ОСК) Мемлекет басшысының 2017 жылғы 13 шілдедегі Жарлықтарымен тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын тіркеу жөніндегі ОСК-ның кезекті отырысы өтті.

Депутаттық куәліктер тапсырылды

ОСК төрағасы Берік Имашев жетекшілік еткен жиында Орталық сайлау комиссиясы алдымен «Қазақстан Республикасы Прези­дентінің Жарлығымен тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутат­тарын тіркеу туралы» қаулы қабылдады. Ал қатысушылар назарына қаулының толық жобасын Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Бақыт Мелдешов таныстырды.

«Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңға сәйкес, тіркеуден соң депутаттар өз қызметіне кірісетін болады. Сондықтан да біз бүгін Елбасы Жарлықтарымен тағайындалып, тіркеуден өткен Сенат депутаттарына тиісті куәлік пен омырауға тағатын белгілерін ресми түрде тапсырудамыз», деді Берік Имашев.

Содан кейін ОСК төрағасы Парламент Сенаты депутаттарының куәліктері мен омырауға тағатын белгілерін тіркелген депутат – Сәуле Мұханбедианқызы Айтпаева мен Владимир Васильевич Волковқа және Талғат Амангелдіұлы Мұсабаевқа арнайы құттықтап, қызметтік куәліктерін табыс етті.

Айта кетейік, 2017 жылғы 28 маусымда елімізде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау өтіп, барлық өңірлерден және Астана, Алматы қалаларынан 16 депутат сайланған болатын.

Нұрлыбек ДОСЫБАЙ,
«Егемен Қазақстан»