Қазақстан • 18 Шілде, 2017

Журналистерге арналған «Бірлік жаршысы» байқауы ұйымдастырылады

511 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласы Қазақстан халқы ассамблеясы этносаралық келісімді нығайту тақырыбы бойынша журналистер арасында «Бірлік жаршысы» атты қалалық байқау өткізеді.

Журналистерге арналған «Бірлік жаршысы» байқауы ұйымдастырылады

Байқауға қатысу үшін елімізде тұрып жатқан этностардың мәдениетін насихаттауға және Қазақстан халқы ассамблеясы институты беделін және этносаралық келісім мен бірлікті нығайтуға бағытталған материалда , сондай-ақ Астана қаласы этномәдени бірлестіктерінің және қоғамдық-саяси өмір жетістіктерін қамтыған мақалалар қабылданады.

Байқаудың өткізілу уақыты-2017 жылғы 14 шілде мен 20 тамыз аралығы.

Байқау қорытындысы 2017 жылғы 29 тамызда белгілі болады.

Байқау қорытындысының шеңберінде жеңімпаздарға сыйақы мына төмендегі үш аталым бойынша беріледі:

1. Үздік телевизиялық (бейне) сюжет;

2. БАҚ баспасындағы үздік жарияланым

3. Үздік радиосюжет

Астана қаласындағы барлық БАҚ журналистері байқауға қатыса алады.

Байқауға 2017 жылғы 1 қаңтар мен 20 тамыз айларының кезеңі аралығына дейін эфирге шыққан және жарияланған әртүрлі жанрдағы материалдар қабылданады.

Байланыс ақпараты: Астана қаласы әкімдігі жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі, Кравцов көшесі-1, 7 кабинет, жұмыс телефоны: 24-98-56, e-mail: [email protected]