Жылдан жылға экономиканың өзекті буыны саналатын өндіріс саласы өңірде жедел дамып келеді. Мәселен, Текелі қаласында ғана ірілі-ұсақты ондаған ірі кәсіпорын жұмыс істейді. Өткен жылы шаһардағы осындай өндіріс орындары 8 млрд. теңгеден астам өнім өндірсе, өткен мерзімде бұл көрсеткіш едәуір өскен. Екі жылдан бері жұмысын тоқтатқан кен комбинатының руда байыту цехындағы жұмыс жанданып, қалалықтар жаңа жұмыс орындарында белсенді еңбектерін жалғастыруда.
Текелідегі «Казцинк» кен байыту комбинаты өткен кезеңде өндірістегі мәселелерге байланысты жұмысын тоқтатқан. Іргесі қаланғанына жарты ғасырдан астам уақыт болған осы комбинаттың тамырына қан жүгірткен «Горное бюро» серіктестігінің төрағасы Әбдіраман Еділбаев біраз істің тиянағын келтіріпті. Ол алғашқы жұмысты кен байыту цехын іске қосудан бастапты. Қарағандыдан шикізат тасымалдап, байытылған темір рудасы концентратын шығарып, қондырғыларды іске қосқан кәсіпкердің еңбегі ақталған.
Алғашқы 10 тонна шикізат өңделіп, арнайы зертханада сараптамадан өткізіліпті. Нәтижесінде сапасы жоғары деген баға алған. Қытайлық өндірушілердің де көңілдерінен шығып, өзара келісім-шарт жасалып, әзірге айына 20 мың тонна өнім алу көзделген. Өтімді болғаны зауыт ұжымының да көңілін орнықтырғандай. Енді айына 60 мың тонна өнім өндіруді жоспарлап отыр. Кәсіпорында 260 адам жұмыс істесе, көпшілігі байырғы жұмысшылар. Екінші үйлеріндей болған комбинатты ризығымыздың көзі, өміріміздің өзегі, дейді.
Серіктестік мұнымен шектелмейді. Шетелдік инвесторлардың қатысуымен комбинат базасынан жергілікті рудадан жылына 30 мың тонна электролитті металл марганецін өндіретін жаңа зауыт салу жөніндегі жобаны қолға алмақшы. Әрине, қала бюджетіне табыс әкелетін жоба облыс әкімінен қолдау тауыпты. Оған қажетті 300 млн. АҚШ доллары тұратын жобаны германиялық «Тессен групп» компаниясы инвестициялауға ниетті екен.
Жалпы, Текеліден республикалық индустрияландыру картасына «Green House» жылыжай кешені ғана кіргенін ескерсек, енді қала басшылары бір шаңырақ астында қанат жаяр қос зауыттың келешегі кемел екеніне назар аударып, мүдделілік танытқан.
Тәуелсіз ел экономикасы нығая түскен тұста халықтың әлеуметтік мәселелерін шешу жайы да алдыңғы орынға шығып отыр. Әсіресе, өңірде құрылыс саласы қарқынды дамып, осыған орай құрылыс материалдарын шығаратын үлкен-кіші өндіріс орындарының өркендеуі мен қатарының өсуіне негіз қалануда.
Текелідегі цемент зауыты құрылысқа арналған құрғақ сылақ қоспаларын шығаруда. Жұмысын шағын цехтан бастаған зауыт бүгінде 17 түрлі өнім түрін дайындаса, отандық мазмұнды сақтау талабымен Талдықорған аймағындағы құрылысқа зауыт өнімдері кеңінен қолданылып, алыстан арбаламай, жақыннан тасымалданып отыр. Бұдан екі жақ та ұтып келеді.
Зауыт суға, ылғалға, аязға төзімді жаңа құрғақ құрылыс қоспаларын шығаруды бастады. «Телемикс», «Талас микс», «Керемет», «2 в 1» деген жаңа өнім түрлері ішкі және сыртқы әрлеу, сылауға таптырмайды. Нарыққа енгеніне аз болғанымен зауыттың құрғақ сылақ пен желім түрлеріне сұраныс жоғары. Алматы мен Астана, Атыраудан түскен тапсырыс жұмысшылардың жігерін жанып отыр.
– Өндірістің ұтатыны жергілікті шикізат көзі. Шаһар төңірегі таулы аймақ әрі оның қойнауы кенге бай. Гипс пен мәрмәр ұнтағы жергілікті күресіндерден алынып, неміс технологиясымен өңделеді. Зауыт қуаты сағатына 200 тонна өнім өндіруге жетеді, – дейді «Цемент» ЖШС өндіріс цехының бастығы Ғабит Садықов.
Мұнда өндіріс талаптары қатаң сақталады. Химиялық қоспалар «Интерхим» компаниясынан алынып, есептеп, ережені бұзбай жұмсау назарда. Содан да болар, көптеген белгілі құрылыс компаниялары зауытпен іскерлік байланыстарын нығайтқан.
Зауыт соңғы үш жылда өндіріс ауқымын 4,7 пайызға ұлғайтқан. Кәсіпорында 50 адам еңбек етсе, келешекте жаңа жұмыс орындары ашылады деп күтілуде.
Күмісжан БАЙЖАН, Алматы облысы.

Азық-түлік шығыны қай өңірде ең жоғары?
Қоғам • Бүгін, 13:38
Мемлекет басшысы сумошы Ерсін Балтағұлды қабылдады
Президент • Бүгін, 13:13
Жамбыл облысының жұртшылығы Жаңа Конституциялық жобаға қолдау білдірді
Референдум • Бүгін, 13:03
2027 жылы Астанада «Тельман» газ жылу стансасы іске қосылады
Үкімет • Бүгін, 13:01
Екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
Аймақтар • Бүгін, 12:59
Сталкинг: Қызылордада бойжеткенді аңдыған азамат 25 тәулікке қамалды
Аймақтар • Бүгін, 12:47
Қысқы Олимпиада: Сарапшы кімдерді жүлдеге лайық деп санайды?
Қысқы спорт • Бүгін, 12:34
Гвардейск гарнизонындағы әскери бөлімде сарбаз соққыға жығылды: Қылмыстық іс қозғалды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:17
ҚазҰУ мен Сингапур технологиялық альянс құрды
Университет • Бүгін, 12:09
Шайдоров әлемдік БАҚ назарында
Олимпиада • Бүгін, 12:06
АҚШ елшісі: Дипломаттардың қазақ тілін үйренуге қызығушылығы артып келеді
Саясат • Бүгін, 11:56
Қарағандыда жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады: Зардап шеккендер бар
Төтенше жағдай • Бүгін, 11:47
Президент тапсырмасы: 4 жас ғалым баспаналы болды
Ғылым • Бүгін, 11:45
Қызылордада жүргізуші куәлігінен айырылған 15 азамат қайтадан жол ережесін бұзды
Аймақтар • Бүгін, 11:40
Катонқарағай паркіне қуатты өрт сөндіру техникалары жеткізілді
Аймақтар • Бүгін, 11:36