Жеңіл атлетика • 01 Тамыз, 2017

Жеңіл атлетикадан өтетін әлем чемпионатына екі мыңнан астам желаяқ қатысады

272 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Лондон қаласында өтетін жеңіл атлетикадан XVI әлем чемпионатына қанша спортшы қатысатыны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жеңіл атлетикадан өтетін әлем чемпионатына екі мыңнан астам желаяқ қатысады

Әлемдік додаға 205 елден 2034 спортшы қатысады. Ал соңғы рет 2015 жылы Қытай астанасы Бейжіңде өткен чемпионатқа 207 елден 1936 атлет қатысқан. IAAF ресми түрде спортшылардың толық хаттамасын 3 тамыз күні жарияламақ.

Айта кетейік, аталған әлемдік додада Қазақстан намысын 13 спортшы қорғайды. Олар - Ольга Рыпакова, Мария Овчинникова (екеуі де - үш қарғып секіру), Виктория Зябкина (200 метр және 4х100 метрге эстафеталық жүгіру), Полина Репина, Георгий Шейко, Регина Рыкова, Диана Айдосова ( бәрі де - 20 шақырымға спорттық жүріс), Елена Наназиашвили (марафон), Ольга Сафронова, Юлия Рахманова, Рима Кашафутдинова, Светлана Голендова, Анастасия Тулапина (бәрі де - 4х100 эстафеталық жүгіру).