Қазақстан • 03 Тамыз, 2017

Министр имамдар қанша жалақы алатынын айтты

220 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында еліміздің имамдары қанша жалақы алатынын айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Министр имамдар қанша жалақы алатынын айтты

Сурет: Казахстанская правда

«Имамдардың жалақысы садақа жәшіктеріне тікелей байланысты болады. Қалалық және облыстық мешіттердегі имамдар 70-80 мың, аудандық мешіттердегі имамдар 40-50 мың, ал ауыл мешіттерінің имамдары 20-30 мың теңге жалақы алады», - деді Нұрлан Ермекбаев.

Оның айтуынша, ҚМДБ имамдар мен мешіт қызметкерлерінің еңбекақысына арнайы қаржы бөлмейді. Өңірлік бөлімшелерге әкімдіктер шамасына қарай қаржы аударып отырады.

«Мұндай тұрақсыз жалақымен имамдар қоғамдық қауіпсіздік мәселесін қозғайтын өзекті мәселелерді толыққанды шеше алмай жатады. Ауыл мешіттеріне білікті имамдарды тарту қиын», – деп түсіндірді министр.