Швейцарияның Ньон қаласында өткен жеребе тастау рәсімінде Чемпиондар лигасының төртінші іріктеу кезеңінде сынға түсетін командалар анықталған. Аталған рәсімде елордалық клубқа Шотландия чемпионы қарсылас атанды. Алғашқы ойын 15 не 16 тамыз күні Глазгода өтеді. Қарымта ойын 22 не 23 тамызда Астанада болады.
Айта кету керек, «Астана» бұған дейін «Селтикпен» күш сынасқан-тұғын. Елордада өткен ойында қос команда 1:1 есебімен тең тарқаған еді. Ал Шотландияда «Селтиктің» мерейі үстем болып, 2:1 есебімен жеңіс тойын тойлады. Сондай-ақ, шотландиялық клубпен қарағандылық «Шахтердің» де жолы түйісті. Аталған жекпе-жектің бірінші ойынында «Шахтер» жауапсыз екі гол соғып, жеңіске жеткен-ді. Алайда, қарағандылықтар қарымта кездесуде қайрат көрсете алған жоқ.
Сондай-ақ, тағы 9 жұп белгілі болды.
Чемпиондар жолы
«Карабах» (Әзірбайжан) – «Копенгаген» (Дания)
АПОЭЛ (Кипр) – «Славия» Прага (Чехия)
«Олимпиакос» (Грекия) – «Риека» (Хорватия)
«Хапоэль» Беер-Шева (Израиль) – «Марибор» (Словения)
Лига өкілдерінің жолы
«Истанбул» (Түркия) – «Севилья» (Испания)
«Янг Бойз» (Швейцария) – ЦСКА (Ресей)
«Наполи» (Италия) – «Ницца» (Франция)
«Хоффенхайм» (Германия) – «Ливерпуль» (Англия)
«Спортинг» (Португалия) – «Стяуа» (Румыния)
Фото: gooool.org