Футбол • 05 Тамыз, 2017

«EXPO 2017 Football Cup»: Қазақстан футболшылары Германияны жеңді

129 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аясында ұйымдастырылған «EXPO 2017 Football Cup» турнирінің алғашқы матчы мәреге жетті.

«EXPO 2017 Football Cup»: Қазақстан футболшылары Германияны жеңді

Бүгін Астанада «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аясында әлемдік футбол жұлдыздарының қатысуымен «EXPO 2017 Football Cup» турнирі басталған болатын.

Алғашқы матчты Қазақстан мен Германия құрамалары бастап, «Астана Арена» стадионының жанкүйерлерін керемет көңіл күйге бөледі. 20 минуттық екі таймнан тұратын матчтың бірінші таймында қазақстандықтар 3:2 есебімен қарсыластарынан басым түскен еді.

Елеңдеген жұрт екінші таймымды асыға күтті. 5-ақ минуттық үзіліс жасаған футбошылар тартысты бәсекені ары қарай жалғады. Міне, ғажап! Қазақстандық ардагер футболшылар жанкүйерлер жанын кіргізіп, делебесін қоздырды. Таймның бірінші минутында-ақ Андрей Финонченконың соққан добы неміс қақпасының торында тулап жатты.

Ары қарай сол арын, сол екпін үдей түспесе еш әлсіреген жоқ. Соңғы есеп 8:6!  Қазақстан құрамасы жеңіске жетті!

Турнирге Қазақстан, Ресей, Италия, Германия, Португалия құрама командалары мен әлем құрамасы қатысуда.