Тайфун аралға жексенбіде жетеді, деп отыр мамандар. Олардың айтуынша тайфун өтіп жатқан Амами аралдары ауданында қазір сағатына 100 мм нөсер жауын жауып жатыр. Синоптиктердің айтуынша, кей аудандарда жауын-шашын соңғы 50 жылда болмаған рекордты деңгейге жетуде.
Ауа райының қолайсыздығы салдарынан Кагосима әуежайынан 80-нен астам рейсті кейінге қалдырды. Сонымен қатар 11 мыңнан астам отбасы жарықсыз қалды.
Синоптиктер енді таяу күндері солтүстік-шығысқа қарай баяу жылжыған тайфун келесі аптада жапондық Хонсю, оның ішінде Токиоға жетуі мүмкін, деп отыр.