Қазақстан • 07 Тамыз, 2017

Алматының қала күні бір ай бойы тойланбақ

147 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы тұрғындары мен қонақтары бір ай бойы мазмұнды мәдени шаралардың куәсі болады. Алматының қала күніне орай 60-тан астам фестиваль мен концерт өтеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі .

Алматының қала күні бір ай бойы тойланбақ

Қала күніне арналған мерекелік бағдарлама «Медеу» биік мұз айдынында 19-20 тамызда басталады. Мұнда «Рухани жаңғыру» аясында алғашқы халықаралық «Star of Asia» музыка фестивалі өтеді. Оған Қытайдың, Түркияның, Жапонияның, Оңтүстік Кореяның, Индияның және басқа шетелдердің танымал әншілері келеді. Шетелдік әртістермен бірге МузАРТ, Қайрат Нұртас, Айқын, Әли Оқапов қатарлы еліміздің эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді.

Қала тұрғындары мен қонақтары бір ай бойы «Көктөбе опера» халықаралық музыка фестивалін ашық аспан астында тамашалай алады. 17 қыркүйекте «Алматы Аренада» «Muzzone» телеарнасының VI Еуразиялық «EMA-2017» музыкалық сыйлығын тапсыру салтанаты өтеді.

Көңілді мәдени бағдарламалардан өзге спорт жарыстары да өтеді. Олардың ішінде қазақ күресі бойынша «Әлем Барысы» турнирі қала күні кезіне жоспарланған. Ал 9 қыркүйекте «Alash Pride» палуандар жарысы өтіп, ешкімнен жеңілмеген палуан Арман Оспанов бразилиялық Тиаго Тавареспен күш сынасады.

Сондай-ақ, «Алматы Аренада» «ABBA platinum», «А’studio», «Грибы» концерттері өтеді. Республика Сарайында Төреғали Төреәлі, Ваенги, Наргиз Закирова, Павел Воли және басқа қазақ және ресейлік эстрада жұлдыздарының концерттері болады.