Бокс • 07 Тамыз, 2017

Қазақстандық боксшы Иса Ақбербаев IBO рейтингісі бойынша жоғарылай түсті

287 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық бокс ұйымы (IBO) рейтингісінің жаңа нұсқасы жарияланды, деп хабарлайды Sports.kz.

Қазақстандық боксшы Иса Ақбербаев IBO рейтингісі бойынша жоғарылай түсті

Рейтингте бірқатар қазақстандық спортшылардың да көрсеткіші өзгерді.

Атап айтсақ, Иса Ақбербаев ауыр салмақта бір сатыға жоғары көтеріліп, 33-інші орынға табан тіреді. Ал, Жанқош Тұраров жартылай орта салмақтағы рейтингіде үш сатыға төмендеп, 91-інші орынға тұрақтады.