Аймақтар • 07 Тамыз, 2017

Петропавлда 45 балалар ойын алаңы орнатылады

855 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аймақ басшысы Құмар Ақсақаловтың бастамасымен биыл көпқабатты үйлерді абаттандыру жұмыстары кең өріс алған.

Петропавлда 45 балалар ойын алаңы орнатылады

«Восток-11» пәтер иелерінің төрағасы Юрий Командриковтың айтуынша,  Жамбыл көшесі № 137-ші үйдің іргесі 1975 жылы қаланған. Содан бері ғимараттың жанына бірде-бір ойын алаңы орнатылмаған. Тек тұрғындардың күшімен 2 жыл бұрын қос әткеншек тұрғызылған. Енді ауланың басқа  кейіпке еніп, құлпыра түскен жайы бар. Бұл аумақта су жаңа алаңқай бой көтеруде. Қалалық әкімдік тұрғындардың балалар ойнайтын алаңын салу туралы өтінішін қабыл  алып,  жергілікті қазынадан қаражат бөлініпті. "Strong servise" серіктестігінің мамандары әр ойын элементіне дейін ойластырып, шаруаны тап-тұйнақтай атқарып беріпті. Балалардың қуанышында шек жоқ.

Жыл аяғына дейін 45 ойын алаңын орнату белгіленсе, бүгінге дейін  30-ы пайдалануға беріліпті.

«Қала әкімінің есептік кездесулерінде тұрғындардан балалар алаңқайын тұрғызу бойынша 26 өтініш түссе, олардың барлығы ескерілді. Алаң қайтадан қалпына келтірілсе, 1 миллион теңгеге дейін қаражат жұмсалады», дейді  Петропавл қалалық тұрғын үй құрылысы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Дархан Айтбаев.

Өмір Есқали,

«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы