Дулат Қаратайұлы Тайшабай 1979 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Хмельницкое ауылында туған.
Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, Солтүстік Қазақстан академиясын «заң және экономика» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2000 жылы «Мичуринский» ЖШС-де экономист-заңгер болып бастаған. 2001-2003 жылдары облыстық әділет басқармасында бас маман қызметін атқарған. 2003-2005 жылдар аралығында әкімшілік соттарда сот орындаушысы болған.
2005-2017 жылдары облыстық мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы департамантінде бас маманнан департамент басқармасы басшысы лауазымдарына дейін өскен.
Өмір Есқали,
«Егемен Қазақстан»
Солтүстік Қазақстан облысы