Әлем • 10 Тамыз, 2017

КХДР әрекетін айыптайды

214 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан болашақ ядросыз ғаламшарды қамтамасыз ету жөніндегі ұжымдық күш-жігерге іріткі салатын Пхеньянның жауапсыз саясатын және оның арандатушылық әрекеттерін жалпы айыптауларға қосылады, деп мәлімдеді БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 5 тамыздағы отырысы барысында Қазақстан өкілі.

КХДР әрекетін айыптайды

«КХДР зымырандық және ядролық бағдарламалары барлық мүдделі та­рап­тарға келіссөздер процесін жедел қалпына келтіру жолымен өзара қо­лай­лы шешімді іздестіру жөніндегі бірлес­кен күш-жігерді жандандыру қажет­тігін талап етеді. Қазақстандық дипло­матия проб­леманы күшпен емес, үнқа­тысу арқылы ғана шешіп, қалыптас­қан жағдайдан шығуға болады деп есептейді», делінген мәлімдемеде. 

БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі отырыс­та КХДР-дың БҰҰ ҚК барлық тиісті қа­рарларын бұзып, ядролық бағ­дар­ламаны іске асыруды жалғастыруына жауап ретінде оған қатысты жаңа қарарды бір­ауыздан қабылдады. 2 371-қарар (2017) баллистикалық зымыранды сынауға жауап ретінде қолданылатын ең қатаң санкцияларды қамтиды. Бұл шаралар Солтүстік Кореяның негізгі экспортына бағытталады, ол көмірдің (Солтүстік Ко­реяның сыртқы түсімінің аса ірі көзі), темір рудасының, қорғасынның, қор­ғасын рудасының және теңіз өнімдерінің экспортына толық тыйым салады. Бұдан басқа, аталған қарар БҰҰ ҚК-нің бұған дейін қабылдаған қарарларын бұзуға қа­тысы бар КХДР-дың жеке және заң­ды тұлғаларының санкциялық тізімін кеңей­теді.
Бұрын-соңды болып көрмеген санк­циялық шаралар Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасын дамытуды жал­ғастыруға арналған қаржылық мүм­кін­діктерді шектеу мақсатында оның валю­та­лық кірісін қысқартуға да (шамамен үштен біріне) арналады.