10 Тамыз, 2017

Сағатқа сағыныш

503 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көрнекті әдебиет сыншысы, қоғам және мемлекет қайраткері Сағат Әшімбаевтың 70 жылдық мерейтойы туған елі Райымбек ауда­нынан бастау алды.

Сағатқа сағыныш

Олай дейтін себебіміз, Алатау бауырындағы әсем шаһар Алматының төрінде қоңыр күзде Сағат Әшімбаевтың туғанына 70 жыл толуына орай үлкен жиын, ғылыми конференция өтеді. Бұлағынан су ішіп, алғашқы оқуға ынтызар жүрегін, ынтық көңілін туған жеріндегі мектептен, кітапханадан білім нәрімен суарған Сағат Әшімбаевтың жер­лес­тері мерейлі тойдың елден бас­талуын үлгі ретінде өздері қа­лапты. Алдымен Нарынқолда туған елінің азаматтары ұйымдас­тырған ресми жиын өтіп, кейін Сағат Әшімбаев туып-өскен Жам­был ауылында, Ақкөл жайлауында өз ырғағын, мәнін тапты.

Облыс басшылығының қол­дауымен аудан әкімдігі ұйым­дас­тырған шараның ресми бөлігін ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасы Нұрлан Оразалин жүр­гізді. Сөз тіз­гінін қолға ал­ған модера­тор сахна төріне қай­рат­кер­дің до­сы, жазушы Сма­ғұл Елу­бай­ды, Сағаттың жары, жазушы Шәр­бану Бейсенованы, замандас-қалам­дастарының бірі, жазушы Мағира Қожахметованы, жазушы, «Қазақ әдебиеті» газе­ті­нің бас редакторы Жұмабай Шаш­тайұлын, Сағаттың ұлы, Парламент Мәжілісінің депутаты Мәулен Әшімбаевты, облыс әкімінің орынбасары Жақ­сы­лық Омарды, аудан әкімі Жанат Тәжиевті және Райымбек аудан­дық ақсақалдар алқасының төр­ағасы Сабыр Досымбековті ша­қырып, келелі жиынды бастады.

Сағат Әшімбаевтың өмір жолы мен шығармашылығы туралы замандастары естелік айтып, әдебиет сыншысы Әлия Бөпежанова баяндама жасады. 
Туған елі Сағатын сағыныпты. Сағаттай елге қызмет қылар ұлда­рын сағыныпты. 

Бағашар ТҰРСЫНБАЙҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»

Алматы облысы