Жақында Чехия Парламенті Ауыл шаруашылығы комитетінің мүшелері Мәжіліс үйіне келді. Олар Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаттарымен жүздесті, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Қазақстан Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы Ромин Мәдинов меймандарға еліміз туралы әңгімелеп берді. Қазақстанның агроөнеркәсібі – ел экономикасының негізгі саласының бірі. Ата-бабаларымыз ежелден ауыл шаруашылығымен айналысқан. Бүгінгі таңда жер бетінде адам санының өсуіне орай халықты азық-түлікпен қамту өзекті мәселелердің біріне айналып келе жатқаны анық. «Қазақстан негізінен бидай өсіреді. Еліміз астықты экспорттауда әлем бойынша алдыңғы ондыққа кіреді. Жыл сайын 20 млн. тоннадай астық өндіріледі, ішкі сұраныстың көлемі 8 млн. тоннадай. Сондай-ақ Қазақстан мал өсіруде үлкен әлеуетке ие. Асыл тұқымды мал басын өсіру мақсаты алға қойылды. Біздің комитет аграрлық саланы дамытуға бағытталған заңдарды шығарумен және жетілдірумен айналысады», – деді Р.Мәдинов. Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің хатшысы Виктор Рогалев өз сөзінде екі елдің қарым-қатынасы жақсы дамып келе жатқанын тілге тиек етті. Айталық, қос мемлекеттің парламенттері арасында ынтымақтастық тобы бар. Қазақстан парламентшілерінің 32-сі аталған топқа мүше болып отыр. Заң шығару ісінде тәжірибе алмасу үшін осындай кездесулердің маңызы зор. «Сіздер біз үшін айрықша кезеңде – Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында келіп отырсыздар. Бүгінгі таңда еліміздің барлық өңірі Астанаға келіп, өздерінің әлеуметтік-экономикалық және мәдени жетістіктерін көрсетіп жатыр. Уақыттарыңыз болса, өздеріңіз де көре аласыздар», – деді В.Рогалев. Меймандар тарапынан сөз алған Чехия Парламентінің Ауыл шаруашылығы комитетінің төрағасы Павел Лукша Қазақстан мен бұрынғы Чехословакия арасында қалыптасқан достық байланыс бар екенін айтты. Осы дәстүрдің жалғасатынына сенім білдірді. Чех Республикасы – өнеркәсіптік әлеуеті жоғары ел. Соған қарамастан, елдің экономикалық дамуында ауыл шаруашылығы қай кезде де басты рөл атқарып келеді. Ауыл шаруашылығы ІЖӨ-нің 10-12 пайызын құрайды. Меймандар Қазақ елінің өркендеуіне тілектестіктерін білдірді. Кездесуге Мәжіліс депутаттары Розақұл Халмұрадов, Ұзаққали Елеубаев және Азамат Тұрсынов қатысты.
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында қандай мәселелер қаралады?
Парламент • Бүгін, 10:54
Алматылық азамат алимент төлемдерін азайту мақсатында көлігін туысының атына рәсімдеген
Алматы • Бүгін, 10:48
Конгода Эбола індеті өршіп барады: науқастар саны 808-ге жетті
Әлем • Бүгін, 10:35
Трамп Иранмен жасалған келісімнің негізгі шарттарын жариялады
Әлем • Бүгін, 10:16
Футболдан әлем чемпионаты: Бүгін кімдер алаңға шығады?
Футбол • Бүгін, 10:11
Павлодар облысында үш жасар қызын азаптап өлтірген әке өмір бойына сотталды
Оқиға • Бүгін, 09:54
Елімізде бес айда 3 мыңнан астам есірткі қылмысы анықталды
Қылмыс • Бүгін, 09:39
Қазақстан азаматтарының жеке деректерін сатқан халықаралық топ ұсталды
Оқиға • Бүгін, 09:34
Telegram мессенджері уақытша бұғатталды
Әлем • Бүгін, 09:28
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Қаржы • Бүгін, 09:19
АҚШ президенті Ливан туралы мәлімдеме жасады
Әлем • Бүгін, 09:11
Спорт • Бүгін, 09:10
Рекорд • Бүгін, 09:05