15 Қазан, 2011

Қазақстанның мерекесі біздің де мерекеміз

404 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты, палатаның Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Уәлихан Қалижанов Кубаның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Абелардо Эрнандес Феррермен кездесті. Куба елшісі «Қазақстан үшін ең маңызды,  тарихи оқиға – ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы. Қазақстанның мерекесі біздің де мерекеміз. Бүгінгі кездесуіміз екі ел арасындағы парламенттік байланыстың жалғасы деп қабылдаймын. Біздің екіжақты достығымыз парламентаралық кеңестер мен халықаралық форумдар жүзінде өрісін тауып отырғаны аян», – деді. «Қазақстан – Куба» парламентаралық ынтымақтастық тобының жетекшісі У.Қалижанов Кубамен жаңа парламентаралық байланыстарды жетілдіруге әрқашан әзірлігін білдірді. Екі мемлекет арасындағы медицина және білім беру жөніндегі байланыстар қалыпты дамып отырғанына тоқталды. Келешекте қарым-қатынасты одан әрі дамыту үшін Куба елшісі  Мәжіліс депутаттарын Кубаға шақырды.